28 қаңтар 2014 12:13

Әуе компаниясы құқық қорғау органы қитұрқы әрекетке барды деп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов құқық қорғау органдары "Санья - Алматы" рейсі кезіндегі шамадан тыс жүкке қатысты қылмыстық іс қозғауда қитұрқы әрекетке барғанын айтады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген оңаша сұхбатында айтты. Қаңтар айының алғашқы күндері "Санья - Алматы" рейсі кезінде ұшақта шамадан артық жүк болғаны анықталған еді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүктің салмағы белгіленген мөлшерден жарты тоннаға асып кеткен. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ SCAT өкілдері қадағалаушы органның шешімімен келіспейді, олар экипаждың кінәсіздігін дәлелдеуге тырысып бағуда. "Біріншіден, ешқандай шамадан тыс жүк болған жоқ. Мен мұны ресми түрде мәлімдеймін, бұған қатысты біздің авиация әкімшілігі растайтын құжаттарымыз бар. Екіншіден, қылмыстық істі қозғаудағы құқықсыздық байқалып отыр. Бізге мұның мақсаты түсініксіз, әуе компаниясының ұшу құрамы арасына іріткі салу кімге пайдалы болды, кімге қызық?" - дейді Денисов. Әуе компаниясы президентінің айтуынша, Санья әуежайының қызметкерлері жүкті ережелер мен нормаларға сай тиеді. Алайда Алматыға келгеннен кейін жүк қайта өлшенген. "Мен мұның кімге тиімді болғанын анықтағым келеді. Алматы әуежайы қызметкерлерінің салмақты қай өлшеу себебі түсініксіз - олар сонда Саньяда өз әріптестерін тексерді ме, әлде экипажды тексерді ме?! Құқық қорғау органдарының мәліметінше, артық салмақ 494 келі болған. Маған Алматы әуежайында артық жүкті анықтаған салмақ өлшегіштің өзі тексерілген бе (таралау - Авт.), сол қызық болып тұр. Халықаралық тәжірибеде мұндай жоқ, өйткені әрбір жолаушы Duty Free-ден 2-ден 3 келіге дейін жүк алып, ұшақ бортына кіре алады", - дейді компания басшысы. Денисовтың айтуынша, егер қандай да бір құқық бұзушылық болса, оған Санья әуежайы қызметкерлері кінәлі, экипаж емес, экипаж мүшелеріне ұшаққа жүктің тиелуіне байланысты жауапкершілік артылмайды. "Меніңше, бұл - қитұрқы әрекет. Арызданушы - құқық қорғау органдарының жорамалы қарапайым ғана ұрынарға ілік іздеудің амалы деп есептеймін" , - дейді Денисов. SCAT басшысы Саньядан Алматыға қатынайтын келесі рейс кезінде жолаушылар жүгінің не себепті Үрімшіде қалдырылғаны жөнінде де түсінік берді. "Саньядан ұшып шыққан экипаж өзінің әуе бағытында өте күшті қарсы желге кезігетін болды. Сол себепті отынды артығымен алып шықты. Қосымша аялдама жасаудан басқа мүмкіндік болмады. Үрімшінің қосалқы аэродромына баруға тура келген жағдайда Алматыда да қосалқы аэродромға аялдау керек еді. Сондықтан жүктің 1,5 тонна жүк аялдаған әуежайда қалдырылып, келесі рейспен түгел жеткізілді", - дейді әуе компаниясы президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети