06 қыркүйек 2021 10:03

Ауған азаматы он жыл бойы Қазақстан елшілігіне өзінің қазақ екенін дәлелдей алмай жүр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Ауғанстан азаматы Хамит Тадаш он жылдан бері Қазақстан елшілігіне өзінің қазақ екенін дәлелдей алмай келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.


Ауғанстан азаматы Хамит Тадаш он жылдан бері Қазақстан елшілігіне өзінің қазақ екенін дәлелдей алмай келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Ер адам Қазақстаннан туыстарын табу үшін журналистерден көмек сұраған.

"Анамның айтуынша, 20 ғасырдың басында отаршылдық саясат күшейген кезде қазақтар қысымшылыққа ұшырап, жан-жаққа кете бастаған. Сол кездерде Кіші жүздің таз руынан шыққан бір ауылдың адамдары шетелге көшіп кеткен. Атамның әкесі Ташмет Қырғызстанға көшіп келген. Ол қайтыс болғаннан кейін біздің атамыз Шермет жетім қалып, сол жерден Ауғанстанға көшкен. Сол жерде тұрды. Мен Құндыз деген жерде дүниеге келдім", - деді Хамит.

Оның екі ағасы уақыт өте келе Иранға көшкен, ал Хамиттің өзі 2002 жылы Кабул университетіне түсіп, түрік тілі мен әдебиетін оқып, содан кейін Анкарадағы Гази университетінде оқыған. 2012 жылдан бастап Кабул университетінің шет тілдер факультетінде түрік тілінен сабақ береді.

"2010 жылы Анкарада болған кезімде ҚР елшілігіне тарихи отаныма оралу туралы өтініш білдірдім. Олар бұл үшін Ауғанстандағы елшілік жауап беретінін айтты. Сондай-ақ, қазақ екенімді дәлелдеу үшін Қазақстанда туыстарым болу керек деп айтты", - деді ер адам.

Хамиттің айтуынша, ол қазақ тілін өз бетінше меңгерген.

"Менің әкем осында өзбектермен араласқаннан кейін, сол тілде сөйлей бастады, бірақ басқаша сөйлейтін. Бірде мен сөзіміздің өзбек тілінен неге ерекшеленетінін сұрадым. Анам сол кезде, Қазақстанда туғанымызды, аталарымыз қиын кезеңдерде көшіп келіп, осында қалғанын айтты. Ол Кіші жүзден екенімізді айтып отыратын. Сол кезде неге мен өз тілімде сөйлемеймін деп қазақ тілінде көп кітап оқып, тілді үйрене бастадым. Ол кезде менің Қазақстанға көшу туралы ойым болған жоқ. Ана тілім болғандықтан, тілімді жақсы көргендіктен үйрене бастаған едім", - деді ол.

"Әкем ерте өмірден өтті. Мен анаммен, әйеліммен және бес баламмен тұрамын. Ұлдарыма Білге хан, Санжар және Атабек деген қазақ есімдерін қойдым. Екі жыл бұрын Қазақстанға аспирантураға түскім келген. Бірақ онда оқу ақысы қымбат екен. Кейін мен Бішкектегі "Манас" қырғыз-түрік университетіне құжаттарымды тапсырып, "түркі тілдері" мамандығы бойынша онлайн оқыдым", - деп жалғастырды Хамит.

Ер адам Ауғанстанның Тахар провинциясында Қазақ деп аталатын ауыл бар екенін айтты.

"Мен онда тұратын бірнеше қазақ отбасын білемін. Олардың көпшілігі Ауғанстанға бұрын көшіп келгендер. Бірақ олар қазақ тілін білмейді. Үйренейін десе мұғалім жоқ екенін айтады", - дейді.

Хамиттің айтуынша, Ауғанстан Қазір толығымен тәліптердің бақылауында.

"Үкімет жоқ, халықтың жағдайы нашар. Қалаға кіретін жолдар жабық, азық-түлік импортталмайды. Банктер де жабық, сондықтан адамдар жалақы алмайды. Мен жұмыс істеген Кабул университеті де жабылды. Тәліптерден жақсы ештеңе күтіп отырған жоқпыз. Бойымыздағы қауіп күн өткен сайын көбейіп жатыр. Осы жерден тарихи отанымызға кеткіміз келеді", - деді ол.

Басылым Хамит Қазақстанға көшу үшін Қазақстанда туыстарын тауып, елшілікке оның қазақ екенін дәлелдеуі керек деді. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының тазы руынан шыққанын біледі. Әкесі - Шарафуддин, атасы-Шермет, үлкен атасы - Ташмет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети