19 тамыз 2021 16:12

Ауғанстаннан Алматыға қанша адам келді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

18 тамызда Алматыға Ауғанстаннан келген екі ұшақ сәтті қонды. Бірінші рейспен 25 қазақстандық және 17 шетел азаматы келді. Екінші рейсте БҰҰ-ның 141 қызметкері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.


18 тамызда Алматыға Ауғанстаннан келген екі ұшақ сәтті қонды. Бірінші рейспен 25 қазақстандық және 17 шетел азаматы келді. Екінші рейсте БҰҰ-ның 141 қызметкері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

18 тамызда кешке Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында 42 жолаушы болды. Оның ішінде 25 қазақстандық (15 ересек пен 10 бала), 17 шетел азаматы, оның ішінде 14-і қырғыз болған.

"Мен Қырғыз Республикасының азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін ризашылығымды білдіремін. Олар Қазақстанға аман-есен оралды, әрі қарай автокөлікпен Қырғызстанға жеткізіледі", - деді Алматыдағы Қырғызстан Республикасының бас консулдығы елшісі Қайратбек Жақыпов.

Кейін Ауғанстаннан Қазақстанға екінші ұшақ ұшып келді. Ол БҰҰ қызметкерлерін елге жеткізді. Алматыға Ауғанстанға көмек миссиясынан 141 қызметкері келді. БҰҰ республика басшылығына қызметкерлерді уақытша қабылдап, қашықтан жұмыс істеуіне көмек сұрап жүгінген. Президент бұл ұсынысты қолдады. БҰҰ қызметкерлері елде бірнеше ай болады деп болжанған. Олардың шығынын БҰҰ көтереді.

"Бізді қабылдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтамыз. Қазіргі уақытта кеңселерді тек Қазақстанда ашамыз. Бірақ БҰҰ Ауғанстаннан кетпейді. Қазір миллиондаған ауғанға гуманитарлық көмек көрсетуге болатын маңызды сәт", - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Строй.

Сыртқы істер министрінің орынбасары келгендер арасында АҚШ, Канада, Шри-Ланка, Африка елдерінің азаматтары бар екенін айтты. Олардың бәрінде БҰҰ төлқұжаттары бар.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик қауіпсіздік мақсатында БҰҰ-ның 100-ге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылғанын, егер жағдай тұрақталса, олар Ауғанстанға оралатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети