08 желтоқсан 2022 09:30

Әулиекөлдегі жаңа үйлерге 50 миллион теңгеге кәріз жүйесі салынады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: alau.kz Фото: alau.kz

Қостанай облысындағы Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге берілген жаңа үйлердегі кәріз жүйесі мәселесі 2023 жылы шешіледі. Жаңа кәріз жүйесін салуға жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысындағы Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге берілген жаңа үйлердегі кәріз жүйесі мәселесі 2023 жылы шешіледі. Жаңа кәріз жүйесін салуға жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Әулиекөлдегі жаңа үйлерге кәріз жүйесін жүргізуге бюджеттен 50 миллион теңге бөлінетіні айтылды. Тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін септиктер мердігерлер қалауы бойынша салынғаны, кәріз жүйесінің құрылысы жобада қарастырылмағаны белгілі болды.

"Әулиекөл ауылындағы Бірлік шағынауданының тұрғын үйлеріне арналған жеке кәріз жүйесін салуға құны 267 миллион теңге болатын жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Әр үйдің астына темірбетон бұйымдарына бекітілген жеке пластикалық септик салынады. Оның қалыңдығы бір сантиметр болады, ол пластик болады - жер асты суларының түсуіне жол бермеу үшін. Сессия қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің қаржы бөлу туралы шешімі түсе салысымен мердігерді анықтау рәсімдерін жүргіземіз", - деді Қостанай облысы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Берік Таңжарықов.

Кәріз 2023 жылдың 1 тамызына дейін тартылуы тиіс. Қыс мезгілінде мердігер анықталатындықтан, темір-бетон бұйымдарын шығару және контейнерлерді сатып алу жұмыстары басталады. Материалдар Қарағандыдағы зауытта шығарылады.

Еске салайық, Қостанай облысындағы жаңа үйлердің тұрғындары жақында қоныстанған үйлерін су басқанын айтып шағымданғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети