12 маусым 2020 12:00

Ауруханаға жатудан бас тартқан павлодарлық COVID-19-дан көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған 1961 жылғы Павлодар тұрғыны көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 


Коронавирус жұқтырған 1961 жылғы Павлодар тұрғыны көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ақпарат бойынша, 5 маусымда науқас әлсіздік сезіп, дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел, бас ауруы, жүрек айнуы мен құсу белгілерімен емханаға жүгінген. Әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. Сол күні COVID-19-ға тест тапсырып, 6 маусымда нәтижесі теріс болған.

8 маусымда жедел жәрдем бригадасы әлсіздік сезіп, дене қызуы көтерілген, жөтел мен ентігу пайда болған әйелді провизорлық стационарға апарды.

"Зертханалық талдау үшін қайтадан биоматериал алынды, 11 маусымда коронавирус оң нәтиже көрсетті. Барлық көрсетілген көмекке қарамастан әйелдің жағдайы прогрессивті нашарлай берді. 2020 жылдың 11 маусымында 15 сағат 58 минутта пациент қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, жағдай коронавирус инфекциясынан болғаны расталып, тіркелді.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, елде COVID-19 жұқтырған барлығы 13 872 науқас анықталды, сауығып кеткен пациенттердің саны 8593-ке дейін артты. Өлім жағдайы - 68.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети