17 наурыз 2014 16:40

Ауыл әкімдігі көмір орнына тоғыз тонна дәрі алмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Strojnyiashka.ru ©Strojnyiashka.ru

Қостанай облысында Қарабалық ауылдық округінің әкімдігі тас көмір орнына белсендірілген көмір дәрісінің 9 тоннасын сатып алмақ болыпты деп хабарлайды Kazakhstan Today. Облыстың қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары Алма Жүсіпованың мәліметінше, мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде тапсырыс берушілер жиі қателік жіберіп жатады. Тауардың атауын, кодын, жұмыс түрін, тауардың саны мен құнын жиі шатастырады. "Мысалы, Қарабалық ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алулар жоспарында "тас көмір" дегеннің орнына "белсендірілген көмірді" көрсетіпті, мөлшері - 9 тонна", - дейді Жүсіпова. Бұған дейін мемлекеттік сатып алуға қатысты күлкілі оқиға Астанада болған еді. Мемлекеттік сатып алулар сайтында салық департаментінің жұртты қызықтыратын хабарламасы пайда болды, онда тапсырыс беруші екі жаңа автокөлік үшін 97,4 млн теңге төлейтінін көрсеткен. Кейін салық қызметкерлері мемлекеттік тапсырыстың электронды формасын толтырған кезде бір нөлді артық жазып, қателескенін хабарлады. Сондай-ақ, 2013 жылы мемлекеттік қызметкерлердің миллиард теңгеге жуық ақшаға шайға қажетті тәтті тағамдарды сатып алғаны хабарланды. Нақты айтқанда, ҚР Мемлекеттік сатып алулары сайтының мәліметінше, өткен жылы мемлекеттік органдардың қаңтардан қарашаға дейінгі аралықта шоколад, зефир, карамель, шығыс тәттілері сияқты тағам түрлеріне жұмсаған қаржысы 954 млн теңгеге жуықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети