28 тамыз 2014 11:27

Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі комитетіне басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rg.ru ©rg.ru

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі комитетіне басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі комитетіне басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің бұйрығымен Су ресурстары комитетінің төрағасы болып Ислам Әбішев тағайындалды. Ал Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне Бағдат Азбаев басшы болды. Сонымен бірге "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Рахмет Байнақов ұлттық компанияның төрағасы болып сайланды.

Еске сала кетейік, 6 тамызда Ақордада өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті қайта құрған болатын. 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына 12 министрлік, 30 комитет құрылды. Президент Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің балық шаруашылығы, су ресурстарын басқару, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау салаларындағы функцияларының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетінін айтты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети