10 қазан 2022 11:13

Ауыл тұрғындары қала тұрғындарынан ұзақ өмір сүреді - министрлік

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғиният бүгінде ауылда 7,8 миллион адам тұратынын, бұл ел халқының 41 пайызын құрайтынын атап өтті. Статистикаға сүйенсек, ауыл тұрғындарының 38 пайызы балалар, 62 пайызы ересектер.

"Зерттеу ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда тұрақты жоғары екенін көрсетеді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл жалпы өлім көрсеткіші 14 пайызға төмендеген.

"Елде ауылдық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы дамыған, бес мыңнан аса медициналық ұйым ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде екі мыңнан аса медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мыңнан аса дәрігерлік амбулатория, 200-ден аса емхана, 203 аурухана бар", - деп қосты Ажар Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети