24 мамыр 2018 11:26

Ауызашарға ішімдік ішкендер де келетін болған - Шымкенттегі мешіт өкілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© islam-rostov.ru © islam-rostov.ru

Шымкент тұрғындары қаладағы мешіттердің бірінде берілетін ауызашар талонына шүйлікті. Талон алмағандар мәселені күшпен шешпекші, - деп хабарлайды Otyrar.kz


Шымкент тұрғындары қаладағы мешіттердің бірінде берілетін ауызашар талонына шүйлікті. Талон алмағандар мәселені күшпен шешпекші, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Шымкенттегі Абдул Хамид Хаттани мешітінде кешкі уақытта ауызашар кезінде талон енгізген. Оларды ауызашарға келген адамдарға таратады. Қалалықтар мұндай жаңашылдыққа қарсы болды, себебі дастарханды мешітке қатысы жоқ бақуатты адамдар жаяды екен. 

Шымкенттіктер дін қызметкерлерінің өзі ереже шығарып, тамаққа талон сатады дейді. 

Өз кезегінде мешіт өкілдері талонның енгізілуін "қажеттіліктен туған шара" деп атап, тегін жасалатынын мәлімдеді. Келушілердің барлығына шынымен де талон жетпейді екен. 

"Талон таяуда ғана пайда болды, себебі ауызашарға ішімдік ішетін және мүлдем ораза ұстамайтын адамдар да келе бастады. Бұрындары біз барлығын тамақтандыруға тырысатынбыз. Қазір адамдар көп келетін болды. Барлығына жеткізу үшін осындай қадамға барып отырмыз. Мешітте намаз оқу үшін 600-700 адам келеді, кеше мешітте ауызашар берілді. 150 адамға дастархан жайылды. Бұрыннан келетін адамдарға талон бердік", - деп түсіндірді мешіттегі ұстаз Ералы Есенгелдиев. 

Бірінші топтағы мүгедек Абсаттар Саймурзаев ораза ұстаушылардың қатарында. Ақсақал талон енгізілуіне де және өзінікі дұрыс екенін күшпен көрсеткісі келетіндерді де қолдамайтынын айтты.  

"Кеше талоны болмағандар мен ауызашарға қатыса алмағандар жанжал шығарды. Қол жұмсағандар да болды. Жұрт мешіт өкілдерін кінәлап, дастарханды басқа адам жайғанына қарамастан, дін қызметкерлері өзі жаңа ереже шығарғандарына шүйлікті. Айта кетейін, мешіт өкілдері дастархан жаймайды, олар тек ұйымдастыруға көмектесіп, жер бөліп беріп, келушілерді шақырады", - дейді Саймурзаев. 

Мешіт өкілдері талон мәселесінің уақытша шара екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети