14 қаңтар 2015 15:53

Автокөлік қобдишасын жаңадан сатып алу міндетті емес - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

©auto.lafa.kz ©auto.lafa.kz

Автокөліктегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын жаңадан сатып алу міндетті емес, көлік иелері оның ескісін жаңарта алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандықтар қобдиша құрамын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес өз бетімен жаңарта алады.

Айта кетейік, автокөліктегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамы көлікте дәрілік заттарды сақтауға арналған температуралық жүйе болмағандықтан өзгертілді және осы себеппен сутегі тотығының 3 пайыздық ерітіндісінен басқа барлық дәрілік заттар алынып тасталды. Айта кетейік, бұл құрам еуропалық елдердің нормаларына сәйкес әзірленген және Ресей мен Беларусь автокөліктеріндегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамына сай келеді.

Еске сала кетейік, автокөліктегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына мына заттар кіреді:

Сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон);

Зарарсыздандырылған дәке бинті 5 метр*10 сантиметр (1 дана);

Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5 метр*10 сантиметр (1 дана);

Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7 метр*14 сантиметр (1 дана);

Зарарсыздандырылған медициналық дәке майлық (1 дана);

Зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана);

Зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 грамм (1 дана);

Қан тоқтатқыш жгут (1 дана);

Бактерицидті жапсырма (5 дана);

Медициналық жапсырма (1 дана);

Эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден);

Зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп);

Ұшы доғал қайшылар (1 дана).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети