21 наурыз 2018 15:28

Аягөздегі су тасқыны: 12 отбасына жаңа пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аягөзде үйін су басқан 12 отбасына жаңа пәтер берілді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аягөзде үйін су басқан 12 отбасына жаңа пәтер берілді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, барынан айырылған тұрғындарға баспана кілтін облыс әкімі Даниал Ахметов тапсырды.

"Наурыз мерекесін жақсы жаңалықпен қарсы алған тұрғындар тез үйлі болатындарына сенбегендерін айтады. Облыс басшыларының айтуынша, он күннен соң тағы 15 жанұя жаңа баспанаға қол жеткізеді", - деп хабарлады тілші.

Айта кетейік, Аягөздегі тасқын апатынан 140 үйге су кіріп, оның ішінде 14 үй құлап қалған еді. Комиссия тағы 18 үйдің апаттық жағдайда тұрғанын анықтаған. Ал апаттың салдарымен күресу үшін "Аягөз болашақ" қорына гуманитарлық көмек ретінде 169 миллион теңге жиналған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети