Аяқ астынан табылған олжа: қазына тапқан адам қанша ақша ала алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аяқ астынан табылған олжа: қазына тапқан адам қанша ақша ала алады? Фото:depositphotos.com

Tengrinews.kz редакциясына оқырман ерекше сұрақпен жүгінді. Үй жөндеу, құрылыс немесе жер қазу жұмыстары кезінде қазына табылса, не істеу керек? Мұндай олжаны өзіне қалдыруға бола ма, әлде оны тапқан адамға сыйақы қарастырылған ба? Бұл сұрақтарға мемлекеттік органдар жауап берді.


Қазынаға не жатады?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндіруінше, тарихи, мәдени немесе ғылыми маңызы бар заттар қазына саналады.

Олардың қатарына көне монеталар, ескі зергерлік бұйымдар, археологиялық жәдігерлер, бұрынғы дәуірлерден қалған қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар және басқа да мәдени құндылықтар кіруі мүмкін.

Қазына кімге тиесілі болады?

Мәдениет министрлігі тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңға сәйкес, мұндай олжалар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс екенін еске салды.

Дегенмен, қазынаны тапқан адам ақшалай сыйақы адуы мүмкін.

Қандай сыйақы алуға болады?

Егер олжа жеке үйде, пәтерде немесе басқа да жылжымайтын мүлік нысанында табылса, сыйақыны мүлік иесі мен оны тапқан адам алады.

Төлемнің жалпы сомасы - олжа құнының 50 пайызы. Әдетте бұл сома жер немесе мүлік иесі мен қазынаны тапқан адам арасында тең бөлінеді. Егер тараптар алдын ала басқаша келіскен болса, сыйақы сол келісім бойынша беріледі.

Ал қазына мемлекетке тиесілі жер учаскесінен немесе басқа жылжымайтын мүлік нысанынан табылса, оны тапқан адам да қазына құнының 50 пайызын алуға құқылы. Қазынаның құны тәуелсіз бағалаушының есебі негізінде анықталады, ал сыйақы бюджет қаражатынан төленеді.

Олжа табылса, салық төлеу керек пе?

Қазақстанда қазына үшін бөлек салық түрі жоқ. Егер адам қазына немесе оны тапқаны үшін берілетін сыйақы түрінде табыс алса, жеке табыс салығын төлеуі керек. Бұл туралы Tengrinews.kz Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитеттің түсіндіруінше, Салық кодексінде қазынаға қатысты арнайы салық нормалары қарастырылмаған. Сондықтан жалпы тәртіп қолданылады: алынған табыс жеке тұлғаның жылдық кірісіне қосылып, оған жеке табыс салығы салынады.

Салық мөлшерлемесі табыс көлеміне байланысты:

  • 10 пайыз — егер жылдық салық салынатын табыс 8 500 АЕК-тен (2026 жылы 36 762 500 теңге) аспаса;
  • 15 пайыз — осы шектен асатын сомадан (алғашқы 8 500 АЕК-тен есептелген салықтан бөлек).

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы бір жайтты еске салды. Егер адам жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүлік иесінің келісімінсіз қазба жұмыстарын жүргізіп, құнды зат іздесе, табылған қазына оны тапқан адамға емес, сол жердің иесіне тиесілі болады.

Полицияға қашан хабарласу керек

ІІМ өкілдерінің түсіндіруінше, қазынаның кімге тиесілі екені, оның құнын қалай анықтау керек, сыйақы кімге төленеді және меншік құқығы қалай рәсімделеді деген мәселелер азаматтық заңнамамен реттеледі. Бұл ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейді.

Сонымен қатар табылған заттардың тарихи-мәдени құндылығы болуы мүмкін болса, бұл туралы дереу жергілікті атқарушы органға немесе тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлау қажет.

Ал полицияға қазына табу оқиғасында құқықбұзушылық белгілері байқалған жағдайда ғана жүгіну керек. Мысалы, заңсыз археологиялық қазба жүргізілсе, мүлік ұрланса немесе қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін олжаны жасыру әрекеті анықталса.

Қазына табылса, не істеу керек?

Министрлік мәдени құндылығы болуы мүмкін заттарды өз бетінше сатуға тырыспауға шақырды.

Қазына табылған жағдайда алдымен ол табылған өңірдің әкімдігіне жүгіну қажет. Кейінгі бағалау, қазынаны мемлекетке өткізу және заң бойынша тиесілі сыйақыны рәсімдеу жұмыстары әкімдік арқылы жүргізіледі.

Бірнеше жыл бұрын біз газетке ерекше хабарландыру берген қазақстандық туралы жазған едік. Ер адамның айтуынша, оның арғы атасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Варшавада алтын бұйымдары бар қазынаны көміп кеткен. Хабарландыру авторы бейжай қарамайтын адамдардан сол қазынаны табуға көмектесуді сұраған.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +22
Ақтау +29
Ақтөбе +32
Атырау +33
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +27
П
Павлодар +27
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +29
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер