04 мамыр 2016 14:26

Айдын Айымбетов 7 мамырға орайластырылған акцияны қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Айымбетов. © ҚР Қорғаныс министрлігі Айдын Айымбетов. © ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери ұшқыш, ғарышкер-сынаушы, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетов 7 мамырға орайластырылған акцияны қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әскери ұшқыш, ғарышкер-сынаушы, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетов 7 мамырға орайластырылған акцияны қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 мамыр ерік-жігері мықты, қайсар мінезді ер азаматтардың мейрамы болып есептеледі. Әрбір ер адам жауынгерлік бекетте немесе өзге де жағдайларда ең алдымен, өзінің отбасы және Отаны үшін сенімді тірек, қорғаушы болып келеді. Және әрқайсысы өзінің қажырлы немесе бейбіт қызметімен Қазақстанның егемендігі мен күш-қуатын нығайтады, оның дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосады", - деді Айдын Айымбетов.

"Әскери ұшқыш, ғарышкер-сынаушы, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетов Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қарулы Күштері өткізіп жатқан "Ер - елдің қорғаны" акциясына қатысты", - делінген хабарда.

#kzarmy және #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде өтіп жатқан осынау құттықтау акциясы бүкіл Қазақстанды қамтыды. 500-ге жуық адам барлық әлеуметтік желілерде 7 мамыр символикасы түрінде салынған аквагримі бар өз фотосуреттерін жолдады.

Бұл акция Қазақстанның танымал блогерлері, журналистері, әйгілі эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Тамара Асар, сондай-ақ ұлтжандылықтарын танытып, Отан қорғаушылар күнімен құттықтағысы келген қарапайым қазақстандықтар арасында да қолдау тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети