Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Айдын Айымбетовтің ХҒС-та ұшуына Қазақстан "Роскосмосқа" 20 миллион доллар төлейді

20 Шілде 2015, 23:47
0
Айдын Айымбетов. ©Astana.gov.kz
Айдын Айымбетов. ©Astana.gov.kz

Ғарышкеш Айдын Айымбетовтің халықаралық ғарыш станциясында ұшуына Қазақстан 20 миллион доллар жаратады. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Аэроғарыш комитетінің төраға орынбасары Ерғазы Нұрғалиев айтып берді. 

Оның айтуынша, аталған сома "Роскосмосқа" әлі төленбеген. Бірақ, айтуынша, арада нақты келісім бар. "Қазақстан тиісті қаржыны әлі төлеген жоқ. Ол сома - 20 миллион доллар. Айымбетов зерттеуші-ғарышкер ретінде ұшуы тиіс еді. Ол үшінші креслоға жайғасады делінген. Сара да зерттеуші ретінде ұшады делінген. Күні бұрын Талғат Мұсабаев Ресейге жұмыс сапары кезінде "Роскосмос" бастығы Комаровпен кездесті. Онда Айдын Айымбетовтың мәртебесі туралы мәселе қозғалды. Енді Айдын ғарышқа №2 бортинженер ретінде ұшатын болды", - деді ол.

Еске салайық, Айдын Айымбетов - ғарышқа аттанатын тұңғыш Қазақстан азаматы. Қыркүйекте ғарышқа турист ретінде ағылшын әншісі Сара Брайтман ұшуы тиіс болған. Ол бас тартқандықтан, қазақ ғарышкерінің кандидатурасы мақұлданды. Ал Брайтман ғарыш станциясына 10 күндік сапары үшін 52 миллион доллар төлеуге міндеттелген.

Сонымен қатар, "Қазғарыш" басшысының орынбасары 10 шілдеде Президент мақұлдаған "Бәйтерек" зымыран кешені жобасы үшін Қазақстанның 1 миллион долларға шығындалатынын айтты. Сәтсіздікке ұшыраған қазақ-ресей жобасы бастапқыда 223 миллион долларға шығады делінген. Алайда 11 жыл нәтижесіз жұмыстан кейін, "Роскосмос" қаржыландыруды 2 миллиард долларға дейін өсіруді сұрады.

"Бұған дейін "Бәйтерек" кешенін іске асыруға тек Қазақстан қаржы құяды деп келісілген. Яғни 223 миллион доллар. Ал қазір зымыран кешенін салу үшін, бірлескен жоба болғандықтан, Ресейдің де қаржы бөлуін сұрап отырмыз", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай