11 қаңтар 2022 15:18

Айдын Рахымбаев LRT-ні BI Group есебінен демонтаждауды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Нұр-Сұлтандағы LRT жобасын компания есебінен демонтаждауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Нұр-Сұлтандағы LRT жобасын компания есебінен демонтаждауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахымбаев Facebook-тегі жазбасында Президенттің Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзі ұнағанын жазған.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев LRT жобасы "инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналғанын" айтқан болатын.

"LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. (...) Бұл алғашынан қате жоба болды, оның айналасынан жемқорлықтың желі есті. Оңтайлы шешім қабылдау керек, бұза салу ақша мен уақыттың жоғалғанын білдіреді", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Президент бұл жобаны қалай пайдалануды анықтайтын отандық сәулетшілер мен урбанистерді шақырудан басқа амал қалмағанын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети