28 ақпан 2023 14:14

Әйелдерге Үкіметте жұмыс істеу қиын ба? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа әйелдерге Үкіметте жұмыс істеу қиын ба деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық әйелдер күні қарсаңында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа әйелдерге Үкіметте жұмыс істеу қиын ба деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, мемлекеттік қызметте әйелдер мен ерлер бөлінбейді. Белгілі бір міндет жүктелген мемлекеттік қызметкерлер бар, біз өз қызметімізді атқарамыз. Мен жұмыс істеймін және маған қиын емес", - деп жауап берді Ажар Ғиният Үкімет отырысы кулуарында журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі басшысы жұмыс кестесі мен күнделікті жұмыс тәртібін бөлісті.

"Бізде, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты тұрақты емес. Таңғы 8-ден кешкі 9-10-ға дейін болуы мүмкін. Демалыс күндері де жұмыс істейміз. Егер тапсырмалар орындалса, демалыс күндері демалуға болады. Ал жұмыс көп болса, онда жұмыс істеу керек", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният 8 наурыз мерекесі қарсаңында барша әйелдерге денсаулық тілеп, дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети