04 ақпан 2020 13:22

Әйелінің ұрысынан қорыққан ер адам тоналдым деп хабар берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының тұрғыны әйелінің ұрысынан қорыққан ер адам тоналдым деп хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысының тұрғыны әйелінің ұрысынан қорыққан ер адам тоналдым деп хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 ақпанда Талғар ауданының полициясына Гүлдала ауылының 33 жастағы тұрғыны келіп, тоналғаны туралы айтқан. Кейін ер адам тәртіп сақшыларына қайта барып, отбасылық бюджеттен ойын автоматтарына шағын соманы жұмсап, жұбайымен жанжалдаспау үшін тонау туралы оқиғаны ойластырғанын мойындаған. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы ("Көрінеу жалған сөз жеткізу") бойынша іс қозғалды. Осы бап бойынша күдіктіге қатысты екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады",-деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети