03 желтоқсан 2015 14:43

Айгүл Мүкей "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан жұмыстан шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айгүл Мүкей. © el.kz Айгүл Мүкей. © el.kz

Айгүл Мүкей "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан жұмыстан шығып кетті, - бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. Оның айтуынша, енді ол танымал журналдардың бірінде бас редактор болып жұмыс істейді. 

2014 жылы ол "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының баспасөз қызметіне жұмысқа тұрған болатын, ал таяуда маркетинг департаментінің директорының орынбасары болды. "Мен компаниядан өз қалауыммен кеттім. Арыз жаздым, бүгіннен бастап мен "Астана ЭКСПО-2017" компаниясында жұмыс істемеймін. Бұл ірі жоба, көрме үшін бәріміз алаңдап, қолдау білдіреміз. Компания үлкен (...) Жұмыстан кетуіме айтарлықтай себеп болмады, бірақ мен шаршадым, жұмыс ауыстыруды шештім", - деді Мүкей. 

Айгүл Мүкей - Қазақстанның танымал тележүргізушілерінің бірі. Түрлі қызметтерде, оның ішінде БАҚ-тарды басқарды. Бірнеше рет ең сұлу қазақстандықтардың үздік ондығына кірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети