12 мамыр 2021 10:17

"Айына 100 мың". Алматы облысында тұрғындар 20 жыл бойы су сатып алуға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы Жаңатұрмыс кентінің тұрғындары 20 жыл бойы су сатып алуға мәжбүр. Бұған дейін елді мекенде жаңа су құбырлары тартылған, - деп хабарлайды AstanaTV.


Алматы облысы Жаңатұрмыс кентінің тұрғындары 20 жыл бойы су сатып алуға мәжбүр. Бұған дейін елді мекенде жаңа су құбырлары тартылған, - деп хабарлайды AstanaTV.

Телеарна мәліметі бойынша, жергілікті тұрғын Аружан Балабекова айына 100 мың теңгені тек су сатып алуға жұмсайтынын айтқан. Ол су құбыры күн сайын жарылатынын және ондағы суды ішуге болмайтынын айтты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, су таза емес.

Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары лас судың өзін сирек көретінін айтқан. Олардың айтуынша, бес мың тұрғынға екі су тасығыш көлік бөлінген.

"Адамдар водовозды қуып жүреді. Оған жету мүмкін емес", - дейді тұрғын Нелли Пак.

Алматы облысы Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы су тасушы көлік адамдар үйде болмаған кезде келетінін айтты.

"Көбі жұмыста болады, келгенде, көлік жоқ. Мұндай сәт бәрінде болады. Су жеткізуші ұйым тарапынан ешқандай проблема жоқ", - деді ол.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жергілікті билік келесі жылы мәселені толық шешуге уәде берген. Бірақ оған әлі ақша бөлінген жоқ. Оған дейін тұрғындарға суды көлікпен жеткізіп отырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети