16 қыркүйек 2014 18:08

Азаматтық альянс жаңа заң жобасын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ерімбетов. ©tengrinews.kz Нұрлан Ерімбетов. ©tengrinews.kz

Қазақстанның Азаматтық альянсы VІ азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру үшін "Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заң жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Азаматтық альянсы VІ азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру үшін "Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заң жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жаңа заң жобасында бірнеше қағидалар ескеріліп, ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйақы тетіктерін енгізу жоспарланып отыр.

"Қазіргі ҚР заңнамасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін  қаржыландырудың бір түрі бар. Бұл мемлекеттік сатып алу туралы заңнама аясында конкурстық негізде ҮЕҰ арасында орналастырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып саналады", - дейді Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов.

Қазақстанның Азаматтық альянсы ұсынған қаржыландыру тетігі халақаралық және шетелдік ұйымдармен гранттарды бөлу тәжірибесін қамтитын болады. Осылайша заң жобасында ҮЕҰ тарапынан әзірленген әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттан бөлу қарастырылған. Конкурс нәтижелерінің мемлекеттік органдар шешімімен тәуелділігін төмендету мақсатында, гранттарды бөлу қызметі уәкілетті орган және қоғамдық қадағалау комиссиямен үйлестірілетін арнайы орталық арқылы жүргізілмек.

"ҮЕҰ үшін сыйақылардың енгізілуі - мемлекеттің дамуына маңызды үлес қосқан ҮЕҰ-ны ынталандыру үшін қажет", - дейді альянс басшысы Н.Ерімбетов.

Қазіргі уақытта заң жобасын Азаматтық альянс серіктестіктері сонымен қатар қоғамдық пікірдің көшбасшылары қолдап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети