16 қараша 2021 11:31

"Әзірше нақты келісімге келмедік" - Цой QazVac экспорты туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac қазақстандық вакцинасын экспорттау жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac қазақстандық вакцинасын экспорттау жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бұл ақпаратты барлық елге жібердік. Біздің елшілік мұны жоспарлап отырғанымызды хабарлап жатыр. Бірақ, бірінші кезекте, Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етуіміз қажет. Алдағы уақытты сыртқы нарықтарға шығамыз. Сұраныс бар, қазір пысықталып жатыр. Қазір QazVac вакцинасы аймақтарға барғаннан кейін, азаматтарымыз өте белсенді егіледі. Қазір өз қажеттілігімізді қамтамасыз етеміз", - деді Цой.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцинаға қызығатындар көп, алайда нақты келісім жасалмаған.

"Жабық форматтағы мәселе пысықталып жатыр. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, әзірге нақты келісімге келмедік. Көптеген мемлекеттер хабарласып, қызығушылық танытып, вакцина туралы ақпаратты, Қазақстанда вакцинацияның қалай өткенін, қандай нәтижелер алғанын сұрайды. Осы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети