24 сәуір 2017 12:13

Бағдат Мусин суицидпен күресетін мемлекеттік органды анықтауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2017 жылы суицид деңгейінің төмендеуі байқалады. 2017 жылдың 1-тоқсанында 850 болса, 2016 жылдың 1-тоқсанында 931 өз-өзіне қол жұмсау дерегі болған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсамақ болған әрекеттердің 2,1 пайызға (1563-тен 1010-ға дейін) төмендегені айтылады.

Мусиннің айтуынша, Қазақстанда 2016 жылы суицид деңгейі 5,5 пайызға дейін өскен, бірақ өз-өзіне қол жұмсамақ болған әрекеттер айтарлықтай 2,1 пайызға (6047-ден  5922-ге дейін) төмендеген. Сонымен қатар, ол суицидтерге не себеп болғаны белгісіз болып қалатынынн айтып өтті.

Бірақ 700-ден аса суицид дерегінің нақты себептері анықталған. Олардың 175-і - ортадан шеттетілген кездегі жалғыздықтан; 124-і - материалдық жағдайдың қиындығы; 117-і - туыстарымен сөзге келіп қалу; 114-і - ерлі-зайыптының арасындағы жанжал; 110-ы - қатты ауруға шалдыққандар; 89-ы - ажырасқандар; 49-ы - тұрғын үй мәселесіндегі қолайсыз жағдайлар.

Сондай-ақ, комитет төрағасының айтуынша, суицидке көбінесе 35-44 жас аралығындағы (2015 жылы - 775 адам ) адамдар барады. Олардың 755-і - ер адамдар (2015 жылы - 652 ер адам) және 144-і - әйелдер (2015 жылы - 123 әйел).

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда суицидтердің басым бөлігі - 75,5 пайызы (2975) сау күйінде, 20,8 пайызы (821) - мас күйінде және 3,3 пайызы (128) психикалық ауруға шалдыққан кезде жасалады.

Сонымен қатар, Бағдат Мусин Қазақстандағы статистиканың әлемдік статистикамен салыстырылғанын айтып өтті. Әлемдік рейтингке қарағанда, 2014 жылғы өз-өзіне қол жұмсау деректері рейтингісінің 1-орнында Литва, соңынан Венгрия (18) және Эстония (17,3) елдері тұрақтаған.

Оның айтуынша, Қазақстанда жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуға үлкен назар аударылады. "Сондай-ақ, суицидпен күресуге бағытталған арнайы органды анықтау қажет деп ойлаймын. Мысалы, Ұлыбритания, Жапония, Израиль, Шотландия, Германия, Финляндия және де Еуроодақтың басқа елдеріндегідей", - деді Мусин

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети