31 шілде 2016 11:49

Бахрейнде үш қазақстандық қыз секс-құлдыққа түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Бахрейнде үш қазақстандық секс-құлдыққа түсіп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Бахыт Батыршаев мәлімдеді. Сұхбаттасушының айтуынша, оқиға туралы бірнеше күн бұрын белгілі болған. Елшілікке қыздардың ата-аналары хабарласып, көмек сұраған.


Бахрейнде үш қазақстандық секс-құлдыққа түсіп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Бахыт Батыршаев мәлімдеді. Сұхбаттасушының айтуынша, оқиға туралы бірнеше күн бұрын белгілі болған. Елшілікке қыздардың ата-аналары хабарласып, көмек сұраған.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың қыздарды Оңтүстік Қазақстаннан алдап шақырғаны анықталды. "Бізге үш қыздың ата-анасы келіп, қыздарының Бахрейнде секс-құлдықта екендігін айтты. Біз мәліметті құқық қорғау органдарына бердік, олар қыздардың қайда екендігін анықтап жаты Олар (жеңгетайлар мен қыздар - автор сөзінен) бір жерден бір жерге көшіп жүреді, қонақүйден қонақүйге. Мәлімет белгілі болған уақытта қазақстандық қыздарды секс-құлдықтан шығарып алу процесі жүреді, шамамен бір апта уақыт кетеді, - дейді Батыршаев. - Біз 2015 жылы үш қызды осылай шығарып, елге қайтарғанбыз".

ҚР елшісінің айтуынша, Бахрейн корольдігіне виза жеңілдетілген. Қылмыскерлер қыздарды жұмысқа орналастырамыз деп алдап шақырады. Сұхбаттасушының айтуынша, адам саудасымен айналысатын әлемдік қылмыстық топтың желісі барын айтады. Бізге ата-аналары хабарласты, ал біз ондай мәліметтерге дер кезінде әрекет жасаймыз. Әдетте қылмыскерлер қыздардың төлқұжатын және ақшасын тартып алады, қонақүйлер мен клубтарда тәнін саудаға салуды мәжбүрлейді. Мен сіздердің сайт арқылы еліміздің азаматтарына сақ болуды, Бахрейнге шақырту жасаса барлық жағдайды ескеруді ескертеміз, себебі бұл шақыртулардың көбісі - алдау және соңы қылмыстық топтың желісіне жұмыс жасаумен аяқталады", - деді ол.

Еске салайық, осыған ұқсас бір оқиға бойынша қазақстандық бір әйел қыздарды Бахрейнге секс-құлдыққа жібергені үшін бес жылға шартты түрде сотталған еді. Іс материалдары бойынша, жас қарағандылық қыз ашық түрде қыздарға жезөкшелікпен айналысуды ұсынған. Қыздарды жіберумен ол жалғыз өзі ғана айналыспаған, оған Бахрейнде жыныстық қатынас қызметін көрсететін әпкесі көмектескен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети