ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика саласындағы, сауда және экономика, көлік секторындағы және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстарының мәселелері талқыланды.
Еске салайық, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді, оған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.