Бала мүгедек болып қалған: әкесі ауруханадан 10 миллион теңге өндіріп алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
pixabay.com pixabay.com

Астана тұрғыны Қостанай қалалық сотына облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, Жітіқара аудандық ауруханасынан және Қостанай облыстық ауруханасынан материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғыны Қостанай қалалық сотына облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, Жітіқара аудандық ауруханасынан және Қостанай облыстық ауруханасынан материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, талапкер сегіз айлық баласының сырқатына байланысты аудандық ауруханаға жүгінген. Одан кейін олар облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Емдеу аясында диагноз уақтылы жасалмаған, бұл баланың денсаулығына ауыр зардаптар әкеліп, нәтижесінде мүгедектік анықталған.

"Жүргізілген ем мен балада қолайсыз жағдай туындауы арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мақсатында сот сот-медициналық сараптама тағайындады, оның қорытындысы бойынша себеп-салдарлық байланыс анықталмады, балада анықталған ауру үдемелі және қайтымсыз зардаптарға әкеп соқтыратын патогендік процестің дамуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, сарапшылар қорытындысын ескере отырып, жүктілік кезінде баланың анасын бақылаған емдеу мекемесінің - "Жітіқара аудандық ауруханасы" КМК - кінәсі анықталды", - делінген сот хабарламасында.

Сот талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырып, Жітіқара аудандық ауруханасы жәбірленушілерге он миллион теңге көлемінде шығынды өтеуге міндетті деп шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer