1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?17 қыркүйек 2020, 14:30

"Алматы марафон" ұйымдастырушысы, Ironman Салтанат Қазыбаева i-balaqai жобасының эфирінде баланың бойына белгілі бір спорт түріне сүйіспеншілігін қалай ұялату керегі немесе оның қай спортқа бейім екенін анықтау туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 17 қыркүйекте сағат 20.00-де Tengri TV YouTube-каналынан көріңіздер. Жоб қонағы "Балаға спорт түрін қалай дұрыс таңдау керек?" тақырыбында ойын айтады.

"Алматы марафонының" бастамашысы және директоры Салтанат Қазыбаева - "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры.

2012 жылы World Class Almaty фитнес клубының мерейтойына орай спорт мерекесі ретінде алғашқы "Алматы марафоны" ұйымдастырылған. Салтанат Қазыбаева марафон құрылғаннан бастап оны ұйымдастыру жұмысын басқарады. Сегіз жыл ішінде қатысушылар саны 6 есеге артқан.

Бүгінде "Бірінші Болу Батылдық" корпоративтік қоры "Алматы марафонын" ғана емес, жылына шамамен 20 іс-шара (жүгіру, веложарыс, жүзу, триатлон жарыстары, триатлоннан Азия кубогы, пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты және Азия чемпионаты мен кубогы) өткізеді.

Эфир қонағы спортпен белсенді айналысады. Ол - пауэрлифтингтен World Powerlifting Congress жарысыың Алматы қаласы чемпионатының жеңімпазы, сонымен қатар, пауэрлифтинг, Asia Challenge 2015 Азия ашық чемпионатының жүлдегері. Бірқатар халықаралық жарыс пен марафонның қатысушысы әрі жеңімпазы.

Салтанат триатлонмен де белсенді айналысады. Екі рет Ironman атанған. 2019 жылдың тамызында ол Швецияда Ironman дистанциясын 10 сағат 49 минут 12 секундта өтіп, толық "темір" қашықтықта ең жылдам қазақстандық болған (3,86 шақырым жүзу, 180 шақырым велокезең және 42 шақырым 195 метр жүгіру).

Жүргізуші - журналист, телерадио жүргізушісі Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. I-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Видеосұхбат жазбасын Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!