15 ақпан 2014 14:42

Балалар құқықтарын қорғау басқармалары таратылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vsem-zdorovo.ru ©Vsem-zdorovo.ru

ҚР Үкіметі аймақтар мен Астана, Алматы қалаларындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларды таратты деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. Премьер-министр Серік Ахметов 29 қаңтар күні қол қойған осыған қатысты қаулы ресми баспасөзде жарияланды. Онда "ҚР Үкіметінің 2013 жыл5ы 18 маусымдағы N608 қаулысына келесі өзгерту енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының базалық жергілікті мемлекеттік басқару құрылымында, "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі" бөліміндегі 20-тармақ алып тасталсын", - делінген. Құжаттағы 20-тармақ - "Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма". Серік Ахметов осы өзгертуге байланысты облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдеріне тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Қаулы ресми жарияланған уақытынан 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енеді. Қаулы жоба күйінде қаралып жатқан кезде балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың білім басқармасымен біріктірілетіні туралы түсіндірме берілген болатын. "Білім басқармасы базасында екі бөлім құрылады: біреуі - тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы - өзін-өзі тануы жөнінде, екіншісі - қамқорлық пен қорғаншылық жөнінде", - делінген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми сайтында жарияланған түсіндірмеде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети