09 қыркүйек 2020 | 19:52

Балаларға көңіл бөліңіздер. ER-BATYR жобасында Тәуекел Мүсілім

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымының қонағы - танымал актер Тәуекел Мүсілім. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен ер адамның тәрбиесінің жетіспеушілігі оның өміріне қалай әсер еткені, неліктен анасын құрметтейтінін және оған неліктен таңданатынын, өмірде ұялшақтықты қалай жеңгенін және қандай ролдерде ойнаған қиынға соққаны жайлы әңгіме өрбітті. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.  


Иконка комментария блок соц сети

ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымының қонағы - танымал актер Тәуекел Мүсілім. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен ер адамның тәрбиесінің жетіспеушілігі оның өміріне қалай әсер еткені, неліктен анасын құрметтейтінін және оған неліктен таңданатынын, өмірде ұялшақтықты қалай жеңгенін және қандай ролдерде ойнаған қиынға соққаны жайлы әңгіме өрбітті. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.  

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Актердің айтуынша, бұрын ол өте ұялшақ болған. 

"Мен 2008 жылға дейін өте ұялшақ болатынмын. Адамдардың арасында сөйлеу мен үшін өте қиын болды, қолым, өзім дірілдеп. Бала кездерім есімде. Мектеп оқып жүрген кезде, анам таңертеңнен кешке дейін жұмыста, мен бірінші кезектен кейін үйге келемін. Анамның құрбылары оны қонаққа шақыратын. Анам мені де шақырады. Анамның шамамен 18:00-19:00-де шығатынын білемін. Мен сол құрбысының үйінің алдына сағат 18:00 шамасында келемін, ол үйге кірмеймін. Мен ол кісіні танимын, құрбысы мені таниды. Дегенмен мен ұяламын. Анам келмейінше есік алдында күтіп отырамын. Сағат 18:00-ден кете келсем, анам келіп қойса да оны білмеймін, мүмкін анам үйде отырған шығар. Бірақ мен сонда да үйге кірмей күтіп тұратынмын", - дейді ол. 

Мүсілімнің сөзінше, ол эмоциясын іштей сақтап үйренген, алайда ол актерлік мансабында кетергісін келтірмей қоймаған.

"Мен анамның қолында өскенмін, Аллаға шүкір үйде ешқашан ұрыс-керіс болмаған. Анам мен әкемнің ұрсысқан кездерін көрген де естіген жоқпын. Естімегенім үшін де Аллаға шүкір, себебі ол психология жағынан өте қиын. Мен қазіргі балаларды түсінемін, ата-аналар ұрсысып жатса, бұл өте қиын, әкесі анасына айқайлауы мүмкін, ұруы мүмкін. Мен ондайға үйренбегенмін, себебі мен бәрін іштей ұстаймын. Ал кинода бәрін көрсету керек. Дегенмен кинотеатрға келген адамға эмоцияны, әсерді беруіміз керек. Себебі ол кино көріп жатып сол эмоцияны шығара білуі керек. Энергетикалық түрден мен беруім керекпін, сол сахналар өте қиын болды. Сол сәттерде мен: "Тәуекел, сен актер емессің ғой, сен кімді алдап жатырсың?" деп іштей тағы да өзімді жей бастаймын. Ертең мазаққа қаламын деп ойлайтынмын. Дегенмен іштей өзімді жинап, "Сен істей аласың. Әйтеуір амалын тауып көр, мүмкін шығар" деп өзімді қайрайтынмын. Режиссер старт деген кезде 100 пайыз болмаса да 10-20 пайыз шығарсам да мен үшін жеңіс болды", - дейді актер. 

Сондай-ақ спикер ата-анасының қарым-қатынасы оған қалай әсер еткенін айтты. 

"Ең алдымен, ұл балаға ата-анасының екі жақтаа болуы қалай әсер ететінін білемін. Менің балаларым болған кезде ажырасуға жол бермеймін. Иә, ұрсыс болған жоқ, бірақ ер бала үшін әке тәрбиесі маңызды. Меніңше, көп сөйлемеуім әкелік тәрбиенің жоғынан болған шығар. Әлі күнге дейін жоқ деп айтатын жерде өзімді таныта алмаймын. Маған зияны тиіп тұрса да жоқ деп айта алмаймын. Қазір мен өзімді тәрбиелеп жатырмын. Мінез-құлық жайлы әңгіме болған кезде әкенің тәрбиесі туралы ойлаймын. Оның жоғы менің мінезімнен байқалады. Мінезімді көрсету керек кезде оны көрсете алмаймын. Айтатын жерде үндемей қалуым мүмкін", - дейді ол.  

Болашақ жарын таңдауға оның жүрегінің ашықтығы себеп болған. 

"Өте жұмсақ, мейірімді. Әрине, өзің қандай болсаң, мінезің, болмысың қандай болса қасыңа өзіңе ұқсас адамды іздейсің. Біз араласа келе Махаббаттың ешкімге жамандық ойламауы, мінезінің ашықтығы ұнады маған. Көңіліме жақты, Сөйтіп былтыр жаз мезгілінде үйдегілермен Ыстықкөлге барып демалуды жоспарлағанбыз. Сол кезде Махаббатты өзімізбен бірге алып барып, анаммен, тәтеммен таныстырсам деп ойладым. Анам ұнатып, келісімін берді. Сол кісілердің қолдауымен сөз салып, үйленіп, үйлі болып, қазір бірге тұрып жатырмыз. Анама ұқсайды", - дейді актер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. 

Жобаның бұған дейінгі қонақтары: заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов, альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов және танымал футболшы Давид Лория.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети