05 тамыз 2020 19:28

ER-BATYR. Ержан Есімханов балаларын қалай тәрбиелейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ерлер туралы ER-BATYR жобасын ұсынады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов.


Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ерлер туралы ER-BATYR жобасын ұсынады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов.

Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Tengrinews.kz-тің "Вконтакте" желісіндегі парақшасында спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен ер адамның қалыптасуындағы жанұяның әсері, отбасылық жанжалды болдырмау, бала тәрбиесі мен болашақта ұлының қандай адам болғанын қалайтыны туралы әңгіме өрбітті.

"Інім екеуімізді ең алдымен анамыз өсірді. Біздің анамыз тәртіпті жаны сүйетін, мақсатқа ұмтылған адам, ол тарих пәнінің мұғалімі, өмір бойы мектепте қызмет еткен. Қазір қолымыздан келетіндерді, еңбекке деген қабілетімізді, еріншектік жаман қасиет екенін бізге анамыз сіңірді. Ол үнемі: "Оқыңдар, себебі айналада не болып жатқанын көріп жүрсіңдер" дейтін. Ал әңгіме 95-96-жылдардағы жарықсыз, газсыз, ыстық сусыз Талдықорған жайлы болатын. Анамыз қарапайым нәрселер айтатын: "Егер осы жерде қалғыларың келсе, қалыңдар, егер басқа жақта тұрғыларың келсе, жақсы өмір сүргілерің келсе, оның тек бір жолы бар, сендерді бұл әлемде енді ешкім қайтадан оқытпайды" дейтін", - деп естелігін бөлісті Ержан Есімханов.   

Эфир қонағының сөзінше, бала күнінде үйде ер адамның жетіспеуін ол қатты сезінбеген.

"Бала болғандықтан ондайларды сезе бермейсің. Мен оны есейе бастаған кезде түсіндім. Бізде жартылай отбасында тәрбиеленгендер көп қой. Мен ондай адамдар ашуланшақ болатынын байқадым. Агрессия өз-өзіне сенбеуден пайда болады", - дейді спикер. 

Сондай-ақ Тимур Балымбетов Ержан Есімхановпен отбасылық жанжал мен одан құтылудың жолын талқылады. 

"Отбасындағы жанжал талқыланып, тез әрі жылдам шешілуі керек. Себебі ол шаршатып жібереді, бір шеті сен ренжіп жүресің, оған қоса, тағы бір адам ренжіп жүреді, балалар оны сезеді, ол жалпы атмосфераға әсер етеді - ол не үшін қажет? Біздің өмірімізде қызық дүние көп болатыны соншалық, жанжал соңғы орында тұрады. Балалармен отырып істейтін тапсырма көп, оны ұйымдастыру керек. Әсіресе, жазда ата-ананың негізгі мәселесі баланың бос уақытында немен айналысуын ұйымдастыру - оған физикалық жаттығу да жатады, ақыл-ойының дамуы, тілдер меңгеріп, жаз бойы күнін босқа өткізбеуі керек. Оны ұйымдастырудың өзіне көп уақыт кететіні соншалық, ол бірлескен күш пен өзара алмастыруды қажет етеді, сондықтан бізде бос нәрсеге уақыт жоқ", - дейді блогер. 

Сондай-ақ ER-BATYR жобасының қонағы бірнеше саланы меңгеру оның қолынан қалай келетінін түсіндірді: "Мен үнемі бір мезетте бірнеше іспен айналысамын: яғни, егер мен жұмыс істеп отырсам, оған қоса әлеуметтік желіде отырмаймын, егер балаларыммен отырсам, телефонды ұстамаймын, жаттығу жасасам да телефонды алып тастаймын. Мен ондайды ұнатпаймын, ол зиян деп санаймын, ақыры назарың басқаға ауып, бір істі жақсы орындау үшін 10 істі нашар орындайсың". 

Ержан Есімханов қызы мен ұлына бірдей тәрбие беретінін айтты.

"Менде ұлымды тәрбиелеу үшін көк түсті әдіс, қызымды тәрбиелеу үшін қызғылт түсті әдіс деген жеке дара құрал жоқ. Мен оларды бірдей тәрбиелеймін, бұл олар шыншыл болуы үшін, өтіріктің артынан еріп кетпеуі үшін, түбінде егер адамдарды алдамасаң, адал болу - ең тиімді жолдардың бірі екенін айтамын. Олар ашық болып, тәуекелге бел буып, даму үстінде жүрсе. Өмірден ләззат алса. Салауатты гедонизм - бұл өте маңызды, бірақ қандай да бір себептермен біздің қоғамда оған немқұрайды қарау әдетке айналғандай, дегенмен өмірден ләззат алу мен өзін-өзі тану қажеттілігі тамақтану мен ұйықтау қажеттілігі сияқты маңызды нәрселер", - дейді Ержан Есімханов. 

Сондай-ақ сұхбат барысында әйел адамдарға қатысты зорлық мәселесі де талқыланды: "Біздің қоғамымызда жабайылық көп және ол жыл сайын артып келеді. Ол тек әйелдерге қатысты емес, жалпы әлсіздерге қолданылатын күш. Итбалықты ұрып тастағандардың өзі бір мысал. Итбалық өте сүйкімді жануар, ол сенің қасыңа келгенде оны сипалап, балаларға көрсетіп, жібере салу керек немесе оны да істеудің қажеті жоқ, неліктен? Меніңше, жалпы қоғамда агрессия артып кеткен, бірақ бұл тақырып бойынша әлеуметтанушымен сөйлескен дұрыс, өйткені оған себеп болар жайт көп", - дейді Ержан Есімханов. 

Сұхбаттың соңында спикер болашақта ұлының қандай адам болғанын қалайтынын айтты.

"Мен ұлымның ашық, көпшіл, үнемі қатарының алдында жүретін көшбасшы болғанын, оған сенім арта алатын, оған достары сенетін, өзі айналысатын ісі болғанын қалаймын, ол ер адам үшін маңызды", - дейді блогер.  

Жобаның алғашқы шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети