28 шілде 2020 11:53

Tengrinews.kz-те ER-BATYR атты жаңа жоба басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ерлер туралы ER-BATYR жобасын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ерлер туралы ER-BATYR жобасын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Әр сейсенбі сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикерлер түрлі тақырып бойынша жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгіме өрбітеді.  

Жобаның алғашқы қонақтары - қазақстандық заңгер, жүзуші-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов пен альпинист, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily негізін қалаушысы және СЕО Рамиль Мухоряпов, бақытты балаларды тәрбиелеу бойынша сарапшы Асхат Абжанов. 

Бүгін сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында жобаның негізін қалаушы - Montessori Qazaqstan қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев, "7 арнаның" бас директоры Сергей Майборода ER-BATYR жобасының мақсаты, спикерлер туралы және ер адамның мақсаты мен менторлығы туралы айтады. "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС бас директоры, Altel ұялы байланыс операторының өкілі Роман Володин жобадағы компанияның ролі туралы айтады.  

Жобаның барлық шығарылымдарын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети