29 шілде 2020 21:06

ER-BATYR. Ер адамның саналы болуының маңызы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz-те ER-BATYR атты жаңа жоба басталды. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Әр сейсенбі сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикерлер түрлі тақырып бойынша жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгіме өрбітеді.   


Tengrinews.kz-те ER-BATYR атты жаңа жоба басталды. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Әр сейсенбі сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикерлер түрлі тақырып бойынша жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгіме өрбітеді.   

"Ажырасу саны 10 жылда екі есе ұлғайған, ал үйлену саны 20 пайызға азайған, 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында ажырасулар саны мен үйленудің орташа саны 45,5 пайыз болған, үнемі әйел адамдарға кінә арта берілетін елде ер адамдармен жұмыс істеу керек. ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы жоба. Ол тек жеңіс тарихы емес, сондай-ақ жеңіліс, өмірлік ұстаным мен жетістіктер жайлы, отбасылы ер адамның кім екенін, оның жақындары алдындағы жауапкершілігі, нағыз әрі саналы ер адам деген кім, осы және өзге де мәселелер туралы біздің батырларымыз - бизнесмендер, атлеттер, өз саласының нағыз маманы мен қарапайым ер адамдар айтады", - дейді жүргізуші Тимур Балымбетов. 

Жоба Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund бастамасымен қолға алынған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Алғашқы шығарылымда - жобаның негізін қалаушы, Montessori Qazaqstan қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев, "7 арнаның" бас директоры Сергей Майборода ER-BATYR жобасының мақсаты мен саналы ер адам маңызы туралы айтты. 

"Мен 5-6 жыл бұрын ер адамның қоғамдағы, отбасыдағы ролі туралы ойландым. Біріншіден, өкінішке қарай, біздің ел туралы айтатын болсақ, миллионға жуық бала әкесіз өсіп жатыр. Қазір болып жатқан жағдай Қазақстан қоғамы жақсы жаққа бет бұрмайтынын көрсетеді", - дейді Ерұлан Құсайынов. 

"Жалпы, білесіз бе, медиялық өрісте, меніңше, әйел адамдарға жағдай жақсы жасалғандықтан, біз бүкіл әлем әйелдерге арналған деп ойлаймыз. Ал іргелі заттар туралы айтатын болсақ, бұл үлкен сәтсіздік, себебі бұл өмірде ер адамға тәуелді заттар көп, мен нақты біздің ел туралы айтып тұрған жоқпын, жалпы. Тарихта ер адам үнемі басты назарда болған. Бірақ әңгіме бала тәрбиелеудегі ер адамның ролі туралы болған кезде, бұл жағдайда бәрі анамызға, әйелімізге, қарындастарымызға артылып қояды. Әйелдер бала тәрбиесімен айналысатын, отбасы заңдарын қалыптастыратын адамға айналады, ал ер адамның ролі екінші орында қалады, бұл біртүрлі жағдай, себебі айналадағы жайттар басқаны көрсетіп отыр. Сондықтан біз әріптестерімізбен осы жоба туралы ойландық, себебі ер адамның саналы болуы - қоғамның дамуына қосқан маңызды үлесі", - дейді Батыр Қазыбаев. 

Сергей Майбороданың айтуынша, ER-BATYR жобасы тек табысты, бай, беделді адамдар жайлы емес, сондай-ақ ол өзінің іргелі қасиеттері мен негізін таныған, өзінің міндетін түсінген адамдар жайлы: "Ол өзін нағыз ер адам сезінетін, өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісетін, ориентор және басқаларға үлгі бола білетін адамдар. Сонымен қатар, ер адам - әлемде және әйелмен симбиозда өмір сүрет алатын құндылықтар жүйесі". 

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС бас директоры, Altel ұялы байланыс операторының өкілі Роман Володин жобадағы компанияның ролі туралы айтып берді.  

"Бізді осындай жобаға қатысуға шақырғандарына өте қуаныштымыз, біз үшін қандай да бір құндылықты жеткізіп, қоғамның дұрыс қалыптасуына әсер еткеніміз маңызды. Біз бренд ретінде даму мен эволюцияның түрлі кезеңінен технологиялық жағынан да, корпоративтік тұрғыдан да өттік. Біз жұмыс істеп жүрген және Altel брендін қалыптастыруымыз - бүгінде адамдардың табысты болуы үшін жоғары технологиялы құрал ұсыну. Сондықтан, біз үшін осындай жобаны қолдау біздің дүниетанымымыздың және әлеуметтік ұстанымымыздың көрінісін көрсетеді", - дейді ол. 

Сондай-ақ Роман Володин ер адамның дағдарыс жағдайындағы ролі туралы айтты. 

"Меніңше, ер адамның дағдарыс жағдайындағы ролі - өзіне тән нағыз көшбасшылық қасиетін көрсету. Себебі дағдарыс - белгісіздіктің деңгейі жоғары болатын кезең. Қаңтардан бергі жағдайға көз жүгіртсек, ол, шыны керек, торнадо секілді. Одан бөлек, торнадоның ортасы тыныш әрі сабырлы. Бұл жағдайда ер адам нағыз торнадо болуы керек, ол салқын ақыл-ойды сақтап, белгісіздік жағдайында шешім қабылдауы керек, себебі дағдарыс кезінде, меніңше, шешімсіз қалудан бетер нәрсе жоқ", - дейді ол. 

Жобаның алғашқы шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі ресми парақшасынан көре аласыздар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети