18 тамыз 2020 10:09

ER-BATYR. Рамиль Мухоряпов кәсібі, отбасы және жеке уақыты туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы - Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов. 


Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы - Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов. 

Бүгін сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "Вконтакте" желісіндегі парақшасында спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен кәсіп, отбасына деген махаббат, жеке уақыты, бақыт, ер адамның жүрегіне жол және әкесі үйреткен нәрселер туралы әңгіме өрбітеді. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов болды. Жобаның алдыңғы қонағы - альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев.

Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жобаның барлық шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети