26 тамыз 2020 19:00

ER-BATYR. Асхат Әбжанов махаббат-қамқорлық пен махаббат-сенім туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - өз отбасы мен балаларына қамқорлық көрсетіп қана қоймай, көптеген ата-ананың өз баласын тануына, қамқорлық көрсетуіне көмектесетін адам, "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов. 


ER-BATYR жобасында - өз отбасы мен балаларына қамқорлық көрсетіп қана қоймай, көптеген ата-ананың өз баласын тануына, қамқорлық көрсетуіне көмектесетін адам, "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов. 

Ол сұхбат барысында әкесі туралы жантебірентерлік естелігін бөлісті және балалық шағы туралы айтты. Сондай-ақ ұл бала мен қыз баланы тәрбиелеудің айырмашылығы, туыстармен байланысты жоғалтпаудың маңызы туралы сөз қозғады. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушысы - Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Асхат Әбжановтың сөзінше, оны әкесі ең алдымен адамдарға сене білуді және ешқашан берілмеуді үйреткен. 

"Әкем қарапайым кенші болған, бірақ бір кездері ол қалалық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер болған, ол мейрамхананың, дүкеннің иесі болды. Бірақ оны достары көңілін қалдырып, сатқындық жасаған, оның бәрі менің көз алдымда болған. Мен үнемі қалайша ол жабылып қалмаған, оның бәрінен қалай жүрегі қараймаған деп таңғаламын. Ол үнемі бәріне сеніп жүретін адам болып қала білді, мен сол қасиетін өз бойыма қабылдап алдым. Менің де көңілімді қалдырып, сатып кеткендер болды, мейлі, бұл адам болмаса да басқасы, менімен шынайы болатын, маған және менің идеяларыма адал болатын адам бар дейтінмін.

Екінші ұстаным - ешқашан берілмеу. Біздің басымыздан не өтпеді? Астанаға көшкеннен кейін жер үйде тұрдық. Сол кез есімде, астананың қақаған аязында, ол Алматыдағыдай емес, көмір жоқ болды. Үйдің іші тастай, әкеміз үйге жолай жұмысынан отын алып келетін, үйді ағашпен жылытатынбыз. Ал түнде мұздап қалмау үшін анам мен әкем суды қайнатып, оны пластик бөтелкеге құйып, көрпенің астына тастап, соны құшақтап, ұйықтайтынбыз. Қазір мен ол тек бізді жігерлендіре түскенін түсініп отырмын. Біз ешқашан шағымданған емеспіз, ол біз үшін қызық болатын. Әкем үнемі "Бәрі жақсы болады" дейтін. Бәрін көрді, ақша болмады, қиын жағдайға тап болдық, дағдарыс болды, бірақ біздің ешқашан қарнымыз аш жүрмейтін. Әкем үнемі азық-түлік сатып алу үшін ақша тауып келетін, біз жақсы тамақтанатынбыз. Әкеме қарап үнемі өзімді қауіпсіз сезінетінмін, бәрі жақсы болатынын сезетінмін", -дейді ол. 

Асхат Әбжанов ұл бала мен қыздарды тәрбиелеуде айырмашылық бар. 

"Негізгі жалпы тәсілдер бар. Бірақ махаббатты білдіруде айырмашылық бар. Оны маған менің ұстазым Шалва Амонашвили, адамгершілік педагогикасының негізін салушы, ұлы ұстаз түсіндірген. Ол ұлдарға махаббат пен сенім қажет, яғни оларға сенім арту керегін айтады. Оған сенім артып, "Сенің қолыңнан келеді, сен істей аласың, бәрі жақсы болады, бүгін істей алмасаң, ертең қолыңнан келеді" деп айту керек. Ал қыздарға махаббат пен қамқорлық керек, оларға қамқор бола білу керек. Оларға "Көмек керек пе? Мен саған көмектесемін. Мен сені қорғаймын. Ештеңені уайымдама, бәрі жақсы болады" деп айту керек. Бірақ заманауи отбасында қандай мәселе бар? Біз керісінше қыздарға махаббат пен сенім артып, "Сенің қолыңнан келеді, ыдысты жу, сабағыңды оқы, үйді жина" деп, ал ұлымыздың бар жағдайын жасаймыз. Сөйтіп біз осындай әдіс арқылы тәрбиеленген, мықты, жігерлі әйелдер қоғамын көреміз. Және оларға үнемі қамқор болған, көмектесетін, қолдайтын, демейтін адамды іздеп жүретін ер адамдардың қоғамын көреміз", - дейді ол. 

Отбасын тек бір адам басқаруы керек.

"Мен ата-анамның бір-біріне деген шынайы махаббатын көрдім. Әкем анамның көзіне шөп салмағанына 100 пайыз сенімдімін, ол әкем үшін де, анам үшін де қылмыспен тең. Олар қанша сөзге келісіп қалса да үнемі бірге жүретін. Бір ғана мәселе: отбасындағы доминанттың ролі әр кезде әрқалай болды, бір кездері әкем басшы болса, белгілі бір уақытта, дағдарыс болып, бәрін анам өз қолына алып: "Біз Астанаға көшеміз, мына жерде өмір сүру мүмкін емес" деді. Бәлкім отбасында демократия болғаны да дұрыс шығар. Бірақ мен кез келген отбасын бір адам ғана басқару керек деп есептеймін, пирамида секілді, екі адам процесті бір уақытта басқарса жауапкершілік болмайды", - дейді ол.  

Сондай-ақ Асхат Әбжанов ер адам мен әйел адамның отбасындағы ролі туралы айтты:

"Мен еркектер әйелдерден жоғары демес едім. Ер адам мен әйел адам тең. Бірақ ер адам әйел адамның алдында, қабырға, сүйеніш, қорғаныш ретінде тұрады, ал әйелдер оның артында, қауіпсіз жерде, ыңғайлы жерде тұрады, оның өзіне соққы, қолайсыз жағдайды қабылдауының қажеті жоқ. Бұл менің ұстанымым, яғни олар тең, бірақ ер адам алдында, ал әйел адам артында тұрады", - дейді спикер.

Спикердің сөзінше, ешқашан туыстардан бөлектеніп кетпеу керек. 

"Мен кландық, отбасылық, туыстық қатынасты қолдаймын. Меніңше, туыстарыңнан алыстау, мысалы ағашты кесіп, тамырын сол жерде қалдырып, өзін басқа жерге, тамырсыз өсірумен тең. Туыстыңнан алшақтауға, ата-анаңмен араласпай кетуге мүлде болмайды. Бірақ отбасы құндылығын жоғалтпау үшін, тәртіп пен дәстүрді сақтау үшін бөлек тұру керек. Сондықтан егер бізді жақындарымыз естіп отырса: өтініш, жастарды бөлек жіберіңіз, олар бөлек тұрсын!"

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов болды. Жобаның алдыңғы қонағы - альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети