Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Балаларымызды өткен шаққа дайындап жатқан жоқпыз - Сағадиев жаңа оқулықтарға айтылған сын жайлы 02 қыркүйек 2017, 12:02

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орыс тіліндегі жаңа оқулықтарға ата-аналардың айтқан сынына жауап берді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©  Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орыс тіліндегі жаңа оқулықтарға ата-аналардың айтқан сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ата-аналар оқулықтардағы слэнгтерге қатысты сын айтқан еді. 

"11 жыл алған сабағында балаға көп мөлшерде грамматика мен классикалық әдебиеттің қажетті деңгейі беріледі, ал бағдарламаның аз бөлігінде заманауи орыс тілін берсек, бұдан жаман болмайды. Оқулықты құрастырғандардың ісін құптаймын, бағдарламаның аз бөлігі орыс тілінің жаңа бағытын қолдануға, жаңа формаға арналуын қолдаймын. Бала алатын үлкен көлемдегі классикамен бірге оның кең сыни түсінігі мен орыс тілінің қолданылуын білетін болады", - деді министр Астанадағы орта мектептердің бірінде сөз сөйлегеннен кейін.


©  Tengrinews.kz

Сағадиев жаңа оқулықтарды құрастырушыларға түсіністікпен қарауға шақырды. "Бұл тұрғыда сабырлы болу керек. Балаларды, меніңше, біз өткен шаққа емес, бүгінгі өмірге дайындап жатырмыз. Ал "пиарщик" сияқты сөздерге келетін болсақ, орыс тілінде 50 мыңнан аса кірме сөз бар. Күн сайын жаңа сөздермен байып жатырмыз, бір кездері орыс тілінде "история" сөзі history сөзінен келген, сол сөз қолданыла бастағанда да жақтырмағандар болған. Сондықтан мұнда қате жоқ, балаларымыз заманауи терминологияны, тілдік қатынастың барлық формасын білуі тиіс, бұған дайын болсын, оның үстіне бұл сөздерді өздері де қолданып жүр", - деді министр.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram