28 ақпан 2018 09:09

"Баламды қорғамақ болдым" - Ақмола облысында баланы соққыға жыққан әкім

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

14 жастағы балаға жұдырық жұмсап, тепкінің астына алған әкім орнын босатты. Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесі жедел отырыс өткізіп, әкімге лайық емес іс істеген Жанат Омаровты мемлекеттік қызметтен қуу туралы ұсыныс айтқан. Ал Қорғалжын ауданының әкімі іле-шала түн ішінде бұйрық шығарып, қоластындағы қызметкерді орнынан кетірді. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.

Оқушыны ұрып жыққан әкім Жанат Омаров Қорғалжын ауылының әкімі болып сайланғанына жарты жыл ғана өткен. Ол "өз баламды осылайша қорғамақ болдым. Таяқ жеген ұлымды көргенде өзімді ұстай алмай қалдым" дейді. Оның бұл әрекетін тәртіптік кеңестегілер ұзақ талқыға салды. Тіпті, мектеп-интернатқа бөтен адамның рұқсатсыз кіруіне  жол берген аудандағы басқа басшылардың да жауап беруіне тура келді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал әкімнен таяқ жеп, басынан ауыр соққы алған Диас Мұқан Астанадағы ауруханада емделіп жатыр. Жанат Омаров болса баланың ата-анасынан кешірім сұраған екен. Бірақ, оны ұрып, тепкілеген жоқпын деп тұр.

"Былай жақындап келдім де, жағасынан алмақ болдым. Директорға апарғым келген. Ол орындығымен құлап түсті. Мен оны ұрған жоқпын, шкафқа да соғылған жоқ. Мен өз баламның мұрнынан қаны ағып мейірбикеде отырғанын көріп осылай өзімді ұстай алмай қалдым. Бірақ тепкіледі деген бекер сөз", - деді Қорғалжын ауылдық аймағының бұрынғы әкімі Жанат Омаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети