ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мамыр 2020 | 21:07
Баланың ар-намысы, ұяты және ішкі еркіндігі. i-balaqai жобасында Алексей Бабаянц
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Алексей Бабаянц баланы бала іштей жазалаудың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы балаға қол көтерудің салдары туралы әңгімеледі. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Алексей Бабаянц баланы бала іштей жазалаудың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы балаға қол көтерудің салдары туралы әңгімеледі. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
Психологтың сөзінше, еркіндіктің екі түрі бар: сыртқы - адамдарда қалыптасатын ой мен қоршаған ортаның әсеріне байланысты, ішкі - болып жатқан оқиғаға көзқарасымыздан туған позиция.
"Еркін адам - қоршаған ортаның манипуляциясына, оғаш көріністерге ермейді. Бірақ ол бір нәрсеге - ар-намысқа тәуелді. Ұят - басқа адамдардың алдындағы өз әрекетіме деген жауапкершілігім. Адам ар-намысына құлақ асқан сайын, оның еркіндігі арта түседі, себебі басқарушы орта іштей қалыптасқан.
Адамды екі нәрсе тежейді: қорқыныш пен ұят. Балалар ұятты ояту үшін қорқынышты іске қосады. Кейде оғаш қылық жасайды. Сонда олар бұл дұрыс емес екенін білмей ме? Біледі. Бірақ табиғат оларды іштей мазалану болуына ітермелейді. Ол өзін шын мәнінде еркін сезіну үшін қажет. Бірақ кейде ұяттың пайда болуы үшін: "Сен неге олай жасадың?", "Оны жасауға қалайша дәтің барды?", "Тез арада кешірім сұра!" деп жатамыз", - дейді психолог.
Теріс қылық көрсеткен бала ар-намыс, ұят пен ішкі күйзеліс мазалай бастайды. Егер әке-шешесі оған мән бермей қызы не ұлына дауыс көтерсе, жазалау құқығы мазалайтын болады. Оның сөзінше, еркіндік бала әке-шешесінен не ұстазынан қорқатын кезде жоғалады.
"Баланы мәжбүрлеп бір жерге апарса, олардың өмірін үнемі бақылап отырса, ішкі еркіндігі болмаса, ол балаларды ата-ананың өзі жазаласа, ондай балалар сыртқа шыққанда жүгенсіз кетеді. Егер адам ұзақ уақыт бойы торда қамалып отырса, бостандыққа шыққанда бәрін көргісі келеді. Еркіндік ол үшін ауыртпалыққа айналады, еркін болуға қорқады", - дейді маман.
Демек, баланы ішкі сезімімен жеке қалдырмаған кезде өзінің әрекетіне қатысты ұялу сезімі бәсеңдейді.
"Отбасында ата-ана балаға ұяты жоқ деп айтса, ол бала ұяты жоқ деген сөз емес. Бұл ата-ана өмір шындығын әділетсіздікке балаған деген сөз. Сондықтан егер баланың ұяты төмен болса, демек отбасында әділеттік орнамаған деген сөз. Баланы басқа адамдарға құрмет көрсету керегін айтып, оның жұмыс үстелін шашып, оның портфеліне бас сұғу дұрыс емес", - деп түсіндірді сарапшы.
Алексей Бабаянц ата-ана баланы жазалауы керек деген ой қате екенін айтады.
"Әке-шеше баланы тәртіпке салғанда ұят деңгейі төмендейді. Демек балада іштей қобалжу сезімі болмайды. Себебі ол жазасын алып қойған. Сол кезде бала "Менің жазамды бердіңдер ғой. Демек мен өз жазамды алдым. Мені қинаудың не қажеті бар? Баланың өзін-өзі жіберуі бекер емес. Бұл мәселенің болуы орынды", - дейді психолог.
Психолог ата-ананың қанағатсыздығы мәселесін көтерді.
"Әке-шешенің баласына арнайы жоспары бар. Ол өз өміріне қатысты емес. Бала келген кезде ол басқа адам екенін ұмытып кетеміз. Басқа тұлға, басқа мінез. Ол менің жекеменшігім емес", - дейді Алексей Бабаянц.
Кейде ата-ананы отбасының пелагогикалық жүйесіне келетін залал мазалайды. Сондықтан ауызекі стильдегі "Сен неге сабағыңды оқымадың? Саған қанша рет қайталау керек?" деген секілді жанжал туады.
"Балалардың тәртіпті болғанын қалаймыз ғой. Бірақ үнемі қозғалыста жүрген балалар ұят ұмыт қалатынын түсінеді. Менің ұятым жайлы хабардар болған сайын, соғұрлым маған ауыр тиеді. Сондықтан мен оны жасырын ұстаймын. Өмір бізге өз-өзімізді қинау үшін берілмейді. Өмір бізге даму үшін беріледі. Бұл мәңгілік эволюциялық процесс", - дейді сарапшы.
Психолог ата-аналар баласының бүгін тәртіпті болғанын қалағанымен, келешекте өз бетінше өмір сүргенін қалайтынынайтады.
"Әр әке-шешенің ойында мінсіз баланың образы қалыптасады. Ал жанында жүргені шынайы бала. Және образдағы мінсіз бала мен шынайы бала сәйкес келмей жатады. Ата-ана мінсіз бала мен шынайы баланың образы сай келмегенде ашулана бастайды. Бұл - үлкен мәселе", - дейді психолог.
Алексей Бабаянц балаға қол көтеру дұрыс емес деген позицияны ұстанатынын айтады. Егер әйел адам ұлына, ер адамға қол көтеретін болса, кейіннен ол есейгенде әйел адамға қол көтеретін болады. Эмоциялық не физикалық зорлық көрген бала полиция мамандығын таңдап, сол арқылы билікті қолданып өш алуы мүмкін. Ал зорлық көрген қыз бала өзін жегідей жей бастайды.
Сондай-ақ психолог Алексей Бабаянц жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, балаға гаджет қолдануға тыйым салудың орнына балалармен қарым-қатынас орнатуына қол ұшын созу керек.
"Жалпы гаджет жаман да емес, жақсы да емес. Ол сол гаджетпен байланысқа түсетін сана-сезімге байланысты. Ата-ана баламен бірге қызық нәрсе көрген кезде сол арқылы балаға тәрбие бере алады. Және осындай байланыс олардың қарым-қатынасын сақтай алады", - дейді Алексей Бабаянц.
Психолог ата-аналар баласымен уақыт өткізгенде оның құзыретін өңдеуге ықпал ете алады.
"Егер баланы цифрлық әлемге толығымен жіберіп қойсақ және оның артында не тұрғанын түсіндірмесек ол тұтынуға басымен кіріп кетуі мүмкін. Ал бұл өте қауіпті. Тыйым салуға болмайды, тек ортаға қалыптасуға үйрету керек", - деп түсіндірді маман.
Эфир видеосын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также