Балық алдым деп, жаза арқалап жүрмеңіз: прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

бекіре Фото: depositphotos.com

Бекіре тұқымдас балық пен оның уылдырығының заңсыз айналымына көбіне оны браконьерлерден сатып алатын азаматтардың сұранысы себеп болады. Осыған байланысты прокуратура мұндай балықты сатып алған адам қылмыстық құқықбұзушылыққа сыбайлас болып танылуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде экология саласында 30 құқықбұзушылық тіркелген. Сотқа айыптау актісімен 11 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 10 адам сотталған.

"Прокуратура азаматтардың назарын мынаған аударады: Қылмыстық кодекстің 339 және 339-1-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке заңсыз аулаумен айналысатын адамдар ғана емес, сирек кездесетін жануарлар мен олардың бөліктерін заңсыз сатып алған, сақтаған, сатқан немесе тасымалдаған тұлғалар да тартылады. Яғни сатып алушылар мен алыпсатарлар да жауап береді", — делінген қадағалау органының хабарламасында.

Мысалы, биыл Атырау тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның үйін тінту кезінде 501,9 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленген. Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот оны 304 миллион теңгеден астам материалдық залал мен мемлекеттік бажды өтеуге міндеттеді.

"Атырау облысының прокуратурасы заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Жеке тұлғалардан шығу тегі күмәнді балық пен уылдырықты тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатып алсаңыз, қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысушы боласыз", — деп қосты прокуратура.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   543.38   6.16 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер