25 мамыр 2022 10:42

Банк операторларына клиенттердің жеке деректері берілмейді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда келісім базасы жасалғанын, банк операторларына клиенттердің деректері берілмейтінін айтты, - деп хабарлайды 24.kz.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда келісім базасы жасалғанын, банк операторларына клиенттердің деректері берілмейтінін айтты, - деп хабарлайды 24.kz.

Телеарнаның мәліметінше, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады. 

"Осыған дейін клиенттер банкке келген кезде оған өмір бойы дербес деректерін өңдеуге келісім беру туралы кішкентай әріптермен жазылған қағаз берілетін. Бірақ оны ешкім назар аударып оқымайтын, тек қол қойып бере салатын. Құжат мұрағатқа кететін. Ендігі уақытта мұндай келісімдердің бәрін цифрлық түрде рәсімделетіндей және базамызға түсетіндей қылып жасадық", - деді министр. 

Айтуынша, бүгінде мұндай әдіс мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолданылып жүр. Оператор клиентке қызмет көрсетпестен бұрын оның телефон нөмірін сұрайды және сол нөмірге смс-код келеді. Код енгізілгеннен кейін ғана оператор дербес деректермен жұмысын бастайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети