13 маусым 2023 15:20

"Барлық кезек тізімі жойылған" - Жетісу әкімі Талдықорғандағы пәтер беру туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда пәтер берудегі дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда пәтер берудегі дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ брифингінде Исабаев 2010 жылдан бері қалада тұрғын үй алу үшін үлкен кезек пайда болғанын айтты – 15 мың адам. Кейінгі жылдары жеке тұрғын үй құрылысына бірде-бір жер телімі бөлінбеген. Сонымен қатар, сонау 16-17-жылдары өңірлер алты санат бойынша электрон кезек тәртібіне көшсе, Талдықорғанда 2022 жылдың басына дейін бірден 19 санат бойынша кезек жүргізілген. Нәтижесінде шиеленіскен жағдай пайда болады.

"Сонымен қатар, түгендеу жүргізген кезде 1 218 пәтер тұрғын үй заңнамасын бұза отырып берілгенін анықтадық. Ең өкініштісі, тәртіпбұзушылардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, құқық қорғау органдары, спортшылар, өнер қайраткерлері, сондай-ақ барлық заңнамалық актіні өрескел бұзып, кезектен тыс пәтер алған арнайы касталар болды. Біз бір жылдан бері мұндай тәртіпбұзушылармен күресіп келеміз", - деді әкім.

Исабаевтың айтуынша, 100 пәтердің мәселесі қазір сотта, тағы 99-ымен "Антикор" айналысады. Заңсыз пәтер алғандардың арасында белгілі есімдер де бар. Бұл баспана енді мемлекетке қайтарылып, мұқтаж жандарға таратылуы тиіс.

"Тағы бір сорақы дерек, 2002-2003-2022 жылдар аралығында жүргізілген кезектің барлық қағаз нұсқасы мен электрон нұсқасы қандай да бір себептермен жойылған. Осылайша, кезекте тұрған 1700-ге жуық адам жүйеден шығып қалды. Бір жыл бойы кезекті қалпына келтірумен айналысты. Бұл да жай жасалмағанын түсінесіз. Сондықтан, құқық қорғау органдары айналысып жатыр, кінәлілер жазасын алады, сенімді болыңыздар", - деді Бейбіт Исабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети