04 тамыз 2017 12:19

Барлық полицей жыл соңына дейін видеотіркеу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 057.ua © 057.ua

Қазақстандық полицейлер жыл соңына дейін видеотіркеу құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық полицейлер жыл соңына дейін видеотіркеу құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Видеотіркеу құрылғылары бойынша. Бүгінде бұл уақыт талабы. Біздің полицейлердің жұмысына өте көп шағым түсіп жатыр. Әсіресе, олардың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы және ерсі қылықтары жайлы. Сондықтан да қазіргі уақытта видеотіркеу құрылғыларын орнату біз үшін міндет. Жыл соңына дейін жол-патрульдік полицияны 100 пайызға видеотіркеу құрылғыларымен қамтамасыз етеміз", - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл жол полициясының қызметкерлері шамамен миллион хаттама толтырған.

"Әрине, кез келген жүргізуші полицейдің әрекетінің заңды немесе заңсыз екендігімен келіспеуі мүмкін. Сондықтан видеотіркеу құрылғысы полицей мен жүргізушінің әрекетін түсіріп алатын техникалық құрал ретінде қолданылады ", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың жүргізушіге полицеймен келіспеушілік болған жағдайда оның әрекетін видеоға түсіріп алуға құқық беретінін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети