12 ақпан 2020 14:05

Бас прокуратура арандатуға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Бас прокуратура арандатуға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура арандатуға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай төбелес болған. Бүгінге бірқатар қылмыстық іс тергеліп жатыр, олардың барысында барлық кінәліні анықтап, заңда белгіленген жауапқа тарту үшін шаралар жүргізіледі. Дегенмен, жекелеген тұлғалар болған оқиғаларды бұрмалай отырып, ұлттық негіздегі құқыққа қарсы әрекеттерге шақыру арқылы көрінеу жалған ақпаратты қасақана таратып жатыр", - делінген хабарламада. 

Дембаевтың айтуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бейне- және аудиоматериалдарды орналастырудың жаңа фактілері, соның ішінде Қордай ауданындағы оқиғаларға байланысты емес және өңір мен елдегі ұлтаралық тұрақтылыққа қауіп төндіретіндер жүйелі түрде тіркеледі. 

"Құқық қорғау органдары осындай арандатушылық жарияланымдардың авторларының жеке басын анықтады, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласында 1990 және 1987 жылдары туылған екі азамат Facebook әлеуметтік желісінде зорлық-зомбылық жасауға шақырған. 2020 жылдың 9 ақпанында Тараз қаласының 1983 жылы туылған тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы осы тектес шақырулар таратқан. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі (азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада. 

"Осы талапты бұзу ұлттық араздықты және алауыздықты қоздыру жөніндегі қасақана іс-әрекеттер (ҚК-тің 174-бабы), жаппай тәртiпсiздiкке не азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру (ҚК-тің 272-бабы) және көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК-тің 274-бабы) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған байланысты азаматтарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамын. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиғалар бойынша тергеу барысы мен нәтижелері туралы шынайы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, ішкі істер және прокуратура органдарының ресми Интернет-ресурстарында орналастырылуда, қоғамға брифингтерде жеткізіліп жатыр", - деп түйіндеді Болат Дембаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети