Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі төңірегіндегі қауесетке жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Мәжіліс кулуарларында журналистер бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты сұрады. Кеше бірқатар БАҚ оның ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын, алайда бұл мәліметті экс-шенеуніктің өзі жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс кулуарларында журналистер бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты сұрады. Кеше бірқатар БАҚ оның ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын, алайда бұл мәліметті экс-шенеуніктің өзі жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше қазақстандық БАҚ-тың бір бөлігі бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат жариялады. Кейіннен Жақсылықовтың өзі бұл мәліметті жоққа шығарды. Бұған көз жеткізу үшін Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы министрге видеоқоңырау шалып, сөйлескен болатын.

Бас прокуратура не дейді?

Мәжіліс кулуарларында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Жақсылықов кеше өзі пікір білдірді ғой. Бізде қандай да бір іс немесе басқа әрекеттер жүргізілгені жөнінде ешқандай ақпарат жоқ", – деді ол.

Сондай-ақ, журналистер Шындалиевтен Жақсылықовтың пәтерінде тінту жүргізілді ме деген сұрақ қойды – бұл туралы кейбір пабликтерде ақпарат тараған еді.

"Ондай ақпарат менде жоқ", – деп қысқа жауап берді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, Руслан Жақсылықов 8 маусымда қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer