Бас прокуратура Рахат Әлиевтің ісіне қатысты Австрияға көмек беруге дайын

06 Маусым 2014, 19:16
0
Бас прокуратура Рахат Әлиевтің ісіне қатысты Австрияға көмек беруге дайын - Рахат Әлиев. Фото youtube.com сайтының бейнекадрынан алынды
Рахат Әлиев. Фото youtube.com сайтының бейнекадрынан алынды

Қазақстанның Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің ұсталғанына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2014 жылдың 5 маусымында Австрия Республикасының құқық қорғау органдары Вена қаласында Р.М.Әлиевті ұстаған. Вена қаласының прокуратурасы өкілдерінің мәлімдемесіне қарағанда, Р.М.Әлиевті ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Ж.Темірәлиев пен А.Хасеновті ұрлау және өлтіру фактісі бойынша тергеу материалдары негіз болған", - делінген хабарламада. 

Ведомстваның мәлімдеуінше, Австриялық тарап осы іс бойынша құқықтық көмекке жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны тиісті көлемде көрсетуге дайын. Мұның алдында осы айыптаулар бойынша экстрадиция жасаудан бас тартылғандығына байланысты қазіргі уақытта бұл тергеу жұмыстарын Австрияның құзыретті органдары жүргізуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық сот Рахат Әлиевті 2007 жылы із-түссіз жоғалып кеткен екі банкирдің (Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов) өліміне қатысы бар деп үкім шығарған болатын. Олардың мәйіті 2011 жылы табылған. Қазақстанда Әлиевке 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сырттай берілген. Австрия Әлиевке өз отанында әділ сот төрелігі қамтамасыз етілмейді деген шамалау бойынша оны Қазақстанға беруден екі рет бас тартқан. 2011 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары Мальтаға кетіп үлгерген бұрынғы елшіге қатысты өзіндік тергеу бастаған. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қаңтарында Қазақстан прокуратурасы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның жүргізушісін және күзетшісін өлтіруді ұйымдастыруға қатысы барын анықтау мақсатымен Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевқа қатысты қылмыстық іс қозғауға өтініш білдірген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай