01 ақпан 2021 10:26

Бас санитар дәрігер вакцинадан кейінгі жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі әсерін айтты. Қиясов елімізде "Спутник V" вакцинасын салдырған алғашқылардың бірі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі әсерін айтты. Қиясов елімізде "Спутник V" вакцинасын салдырған алғашқылардың бірі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең алдымен, науқас тексеріледі, оның барысында анамнез алып тасталады (өзін қалай сезініп отырғаны, өткерген аурулары, аллергия туралы сұралады - еск.). Температураны, қысымды өлшеу, жұтқыншақ тексеріледі. Осыдан кейін дәрігер адамға вакцинация жасауға рұқсат береді. Пациентке вакцина салдыруға келісім қағазы беріледі және ол оған қол қояды. Вакцина екі кезеңнен тұратындықтан, ол қайта келуі керек. Екінші доза 21-күні салынады", - деді Қиясов журналистерге.

Оның айтуынша, вакцинацияның нәтижесіне жауапкершілік өндірушіге де, тікелей медициналық мекемеге де жүктеледі.

"Барлық жауапкершілік бірдей. Әрине, Денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайды бөлек зерттейді. Әр өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының жанынан типтік емес реакцияларды тексеру бойынша арнайы комиссиялар құрылады", - деп толықтырды вице-министр.

Вакцинациядан кейінгі сұхбат барысында журналистер вице-министрден вакцинацияның екінші кезеңін өткізгенге дейін карантинді сақтай ма деп сұрады. Алайда Кисясов мұндай қажеттілік жоқ деп сендірді. Сонымен қатар, ол вакцина алу режимді сақтаудан босатпайтынын атап өтті.

"Мұндай қажеттілік жоқ. Мен барлық ережені сақтауға тырысамын. Вакцинаға қарамастан, мен сіздерді де режимді сақтауға шақырамын, өйткені адам вакцинаны алатынына қарамастан, кейде вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін. Ықтималдығы аз, бірақ сіз өзіңізді қорғайсыз. Вакцинация жасау арқылы ең алдымен өзіңізді қорғаңыз. Ауруды жұқтыру мүмкіндігін азайтасыз. Бірақ ағзаңызды сізге шабуыл жасай алатын вирустардан босатпайсыз. Бұл вакцина сіздің денеңізді аурудан қорғайды", - деді Қиясов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети