04 сәуір 2014 15:39

Бәсекелестікті қорғау агенттігі заңсыздықтардан сақтандырып отырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Fotokanal.com ©Fotokanal.com

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Талғат Берекетов монополияға қарсы заңнамаларға енгізілгелі отырған түзетулер туралы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Талғат Берекетов монополияға қарсы заңнамаларға енгізілгелі отырған түзетулер туралы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер бизнестің немесе мемлекеттік орган өкілінің сөзінен бәсекелестік нарықтағы заңнамаларға қайшы келетін кейбір әрекеттер туралы пиғыл анықталатын болса, біз "алдын ала сақтандыру" деп аталатын тетікті қолданбақпыз, яғни біз оған айыппұл санкциялары шараларымен немесе реттеудің басқа да нормаларымен мұндай әрекеттердің жолы кесілетіні жазылған ресми құжатты жолдаймыз", - деді Берекетов табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу мәселелеріне арналған форум барысында. 

Оның айтуынша, сонымен бірге, "ескерту" тетігі де қолданылатын болады. Мұның алдын ала сақтандырудан айырмашылығы, бұл - нақты орындалатын әрекет. "Яғни белгілі бір заңбұзушылықтар бойынша айыппұл санкцияларын қолданудың алдында біз міндетті тәртіппен алдын ала сақтандыру береміз, "өтінеміз, біздің сізді осындай бап бойынша жазалауға мүмкіндігіміз бар, бірақ одан бұрын сізді ескерткіміз келеді" деп айтамыз. Бұл заңбұзушылықтың жасалу фактісіне қарай болады. Сонда субъектілерге заңбұзушылықты жоюға мүмкіндік беріледі. Дегенмен егер ескертуден кейін де субъект немесе мемлекеттік орган өкілі заңбұзушылықты түзеуге тырыспаса, әрине, біз оған заңнамаларда қарастырылған санкцияларды қолдануға міндеттіміз", - деді ведомство өкілі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети