20 мамыр 2021 15:26

"Баспана хит" және "7-20-25" бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтатуға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"7-20-25" бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде айтылған "әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" атты бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында 2018 жылы басталған. Бағдарлама ипотекалық несиелендірудің қолжетімді шарттарымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру мөлшері бойынша бекітілген шектеу - 1 триллион теңге.

Қазақстанда "7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады

Бүгінде осы бағдарлама бойынша шамамен 325 миллиард теңге сомасында қарыз берілген. Бұл бастапқы тұрғын үй нарығында 27 мыңнан аса қазақстандық отбасына тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру мерзімі шектелмей, бекітілген 1 триллион теңге лимитіне жеткенше жүргізу жоспарланған.

Бекітілген 600 миллиард теңге индикаторына сәйкес "Баспана хит" бағдарламасы осы шектеуге жеткенде аяқталады. Бүгінде берілген қарыздың жалпы сомасы шамамен 493 миллиард теңге болған. Соның арқасында 54 мыңнан аса отбасы тұрғын үй сатып ала алды.

Екінші деңгейдегі банктер болжамы бойынша бұл сома биыл толық игеріледі.

Бұл ретте "Баспана Хит" бағдарламасы халық үшін қолданыста болған үйлер нарығында ипотеканың қолжетімділігін арттыру бойынша өз міндетін толық орындағанын атап көрсеткен жөн. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктер "Баспана Хит" бағдарламасына ұқсас кредиттеу талаптарын әзірледі және ұсынуда. Демек, енді мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін одан әрі ынталандыру қажеті жоқ. Бұл жағдай бағдарламаны жоспарлы түрде аяқтауға мүмкіндік береді.

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) - "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының операторы саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети