15 шілде 2014 14:38

Баспана жөнінен азаматтарға оралмандармен бірдей жеңілдік қарастырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz


Қазақстандықтар қай жерге барса да, баспанамен қамтылатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министр ішкі көші-қон мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл мәселенің өзектілігі сол, халықтың көшіп-қонуы реттелмей жатқандықтан, көптеген ауыл қаңырап, бос қалды. "Ата Заңымызға сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматының қай жерге барып тұрам десе де, өз еркі. Ал ішкі жұмыс миграциясы болса, бұл - мүлдем басқа әңгіме. Бүгінде біз көші-қон саясатына арналған жаңа құжаттың ішінде жұмыс бабы бойынша ішкі миграцияға ерекше мән беріп отырмыз. Осыған орай, 2030 жылға дейін жұмыс күшінің көлемін, қай облыста халықтың саны өседі, қайсысында кемиді, қандай мамандықтар қажет болады - соның барлығын анықтап алдық. Тұжырымдамаға сәйкес, жұмыс күші аз және жұмыс күші артық аймақтар белгіленді. Енді жұмыс күші артық аймақтардың азаматтары жұмыс күші аз жерлерге барса, оларға қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады", - деп атап көрсетті Дүйсенова.

Оның айтуынша, бүгінде оралман ағайындарды баспанамен қамтамасыз етуге арналған "Асар" сияқты жобалар "Жұмыспен қамту" бағдарламасында да қарастырылып отыр "Оралмандарға елдің қай аймағына барса да, үй беріледі. Тура сол сияқты өзіміздің жергілікті азаматтарға да сондай әлеуметтік жеңілдік қарастырылған", - дейді министр ханым. 

Министрдің сөзіне қарағанда, ішкі жұмыс миграциясына арналған заң жобасы ағымдағы жылы қыркүйек айында Парламенттің қарауына енгізіледі. Ал келесі жылдың бірінші тоқсанында аталған құжаттың қабылдануы әбден мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети