Басы дауға қалған рудныйлық депутат қыз мандатынан бас тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Рудный қалалық мәслихатының депутаты Юлия Каралаш өз мандатынан бас тартты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, аппарат жетекшісі оның жуық арада депутаттық құрамнан шығарылатындығын мәлімдеген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Рудный қалалық мәслихатының депутаты Юлия Каралаш өз мандатынан бас тартты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, аппарат жетекшісі оның жуық арада депутаттық құрамнан шығарылатындығын мәлімдеген.

Ал облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі "Жеңгетайлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын растады. Бірақ күдіктінің нақты кім екенін айтқан жоқ.

Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған халық қалаулысын қала жұртшылығы жақсы таниды. Өзінің интернет дүкені де бар. Бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарып келген.

"Біз оның жеке өміріне араласа алмаймыз. Және ондай фактілерді байқаған жоқпыз. Ол өзі мерзімінен бұрын депутаттық міндетінен босату туралы арыз жазды. Осы арыз негізінде жуық арада өтетін мәслихат сессиясында Юлия Каралаш депутаттық құрамнан шығарылатын болады", - деді Рудный қалалық мәслихатының аппарат жетекшісі Дана Қалеева.

Еске салайық, мұның алдында жергілікті басылымдар Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты "Жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer