“Батыр елі үшін туады“. Тоқаев елге қорған болу абыройлы қызмет екенін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Батыр елі үшін туады“. Тоқаев елге қорған болу абыройлы қызмет екенін айтты Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы халқымызда "Батыр елі үшін туады" деген сөз бар, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет екенін айтты.

"Нағыз патриот азамат үшін бұдан асқан мәртебе жоқ. Күштік құрылым қызметкерлерінің күнделікті табанды еңбегі ел үшін жасалған ерлік екені сөзсіз. Сіздер әрқайсыңыз сертке берік болып, Отан алдындағы міндеттеріңізді мінсіз орындап жүрсіздер. Мен Мемлекет басшысы және Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін сіздерге әскери атақ пен сыныптық шен беру туралы тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұған қоса бірқатар азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Баршаңызға құтты болсын! Өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді, туған елге адал болуды үйренеді. Сіздер жастарға үлгі болып, жол көрсетіп, әрдайым ұлт мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін!" – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.41   543.53   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер