12 қараша 2024 | 17:19

Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауыты салынады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4 миллиард текше метр газ өңдеу зауыты салынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4 миллиард текше метр газ өңдеу зауыты салынады.

Батыс Қазақстан облысында өндіріс саласы тұрақты дамып келеді. Өңір басшылығы инвестиция тарту арқылы өндіріс орындарын ашып, отандық және жергілікті өнім түрлерін көбейтуді басты назарға қойып отыр.

Республика күні қарсаңында мұнай газ саласына қажетті кейбір жабдықтарды өндіретін зауыт іске қосылып, шикізат өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар өндіріле бастады.

Өңірде өнеркәсіп көлемін арттыру бағытында Қарашығанақты кеңейту жобасы іске асырылуда. Өткен жылы 4-ші компрессор, ағымдағы жылы 5-ші компрессор пайдалануға берілді. Ал, 6-ші компрессордың құрылысы аяқталуға жақын. Аталған жоба Қарашығанақ кен орнындағы шикі газды дайындау, кері айдау және газды өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Алдағы уақытта Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Болашақта жаңа газ өңдеу зауытының іске қосылуы тұрғындарды, елде өндірілген тауар газымен қамтамасыз етуге серпін береді.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артқаны айтылды. Өңір әкімінің айтуынша, БҚО-да тартылған инвестициялардың арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибенің, мүмкіндіктердің келуіне мүмкіндік ашу. Бұл өз кезегінде дамудың жаңа бағытына, ауқымды өзгерістерге, экономиканың әр саласына тың серпін береді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 342 млрд.теңге. Тартылған инвестициялардың арқасында өңірде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Өнеркәсіп саласында биыл 2,6 трлн.теңгенің өнімі өндірілді. Алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн. теңгеге 42 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

БҚО әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer